Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Георгий Жуков: «Командаға көмектескеніме қуаныштымын»

«Ақтөбеге» қарсы матчтағы жеңіс голының авторы әрі ойын қаһармандарының бірі Георгий Жуков алдағы кездесу жайлы ойын айтып, «Қайрат» баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап қатты.

- Өте ауыр ойын болды, «Ақтөбенің» жанкүйерлері өз футболшыларын алға ұмтылдырды. Ал біздің тактикамыз соңына дейін қойылмаған, біз командалық рухтың арқасында жеңісті жұлып әкеттік. Иә, оңай болған жоқ. Әзірше Карлоспен аз уақыт қана жұмыс істедік, бірақ жаттығулар қарқынды өтіп жатыр. Ол ойын стилін өзгерткісі келетіні байқалады, бірақ, әрине, оған бейімделуге уақыт қажет.

Алаңға тағы да шығып, командама көмектескеніме қуаныштымын  - бір айдай ойнамап едім. Қанша дегенмен, ойынның соңында көптен бері ойнамағаным сезілді, бірақ жігерім көп болған. Физикалық жағдайым жақсы болмаса да, командаға көмектескеніме қуаныштымын.

«Оқжетпеске» қарсы матч алдында тактикамыз бойынша жұмыс істеп, ойынға дайындалатын уақытымық жеткілікті. Бірге өз стилімізді анықтап аламыз. Бұл матчта міндетті түрде жеңіс қажет және біз шабуылдау футболын ойнамаймыз деп күтеміз. Осыған қол жеткізу үшін жаттығуда жұмыс істейміз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст