Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Исаэль, Аршавин, Исламхан мен Гоу — ҚПЛ-дің символикалық құрамасында

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы назарларымызға Instat статистикалық компаниясының нұсқасы бойынша өткен ел чемпионатының символикалық құрамасын ұсынды. «Қайрат» ФК-ның бірден төрт ойыншысы аталмыш құрамаға енді:

Оң қапталдағы жартылай қорғаушы – Исаэль («Қайрат»). Бразилиялық ойыншы 29 матчта (2 425 минут) 7 гол соғып, сонша мәрте нәтижелі пастың авторы атанды. Премьер-лига аясында алаңға шыққан футболшылардың ішінде Исаэль қарсылас қақпасына жиі соққы бағыттаған - 96 соққы, оның 26-сы нысанаға дәл жеткен. Ойын тәртібін 33 рет бұзса, қарсыластар оған қарсы 49 рет ереже бұзды. 90 минуттың ішінде «Кайраттың» оң қапталындағы жартылай қорғаушы 45 пас береді, оның 35-ін дәл жеткізеді. Дәлдігі 79 пайызды құрайды. Әр ойын сайын 26 рет допқа күреседі, ал оның 12-сінде жеңіске жетеді. 

Сол қапталдағы жартылай қорғаушы – Андрей Аршавин («Қайрат»). Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы алаңға 28 (2 067 минут) рет шыққан, 8 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды. Қарсылас қақпасына жасаған соққылар көрсеткіші мынадай: Аршавин 53 соққы жасап, олардың 16-сын дәл бағыттады. Ережені Андрей сирек бұзды – 23, оған қарсы 34 рет ойын тәртібі бұзылған. Берген пастарының 80%-ы дәл жеткен (орта есеппен 44, оның 35-і дәл ). Доп үшін күресті қарастырсақ, 16 жекпе-жекте 8 рет жеңімпаз атанады.

Орталық шабуылдаушы жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»). «Кайраттың» көшбасшысы Премьер-лигада 31 матч (2 788 минут) өткізіп, 17 гол соққан және 10 нәтижелі пас берген. Барлығы Исламхан қарсыластар қақпасына 85 рет соққы бағыттады, оның 40-ы қақпаға дәл жеткен. Бауыржан қарсыластарына қарағанда ойын тәртібін аз бұзған – 28 және 42. Орташа бір ойында Бауыржан 75 пас жасап, олардың 66-сы дәл барған. Дәлдік пайызы 87 пайызды құрайды. Сондай-ақ, өз жекпе-жектерінің тең жартысында басым болған – 18-дің 9-ы дәл.

Нападающий – Жерар Гоу («Қайрат»). Ивуар шабуылшысы 29 матч (2 353 минут) өткізіп, 22 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Чемпионат бойы үздік бомбардир қарсылас қақпасына 96 соққы жасаған, оның тең жартысы қақпаға дәл барыпты. Пастарының дәлдігі 70 пайызды құрайды, ал жеңген жекпе-жектері - 34.

Дереккөз: ҚКФЛ

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст