Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Күміс қана

«Қайрат» Қазақстан Кубогының финалында «Астанаға» жол берді - 0:1.

Соңғы бірнеше жылда тұңғыш рет Қазақстан кубогының финалы Алматы қаласында өтеді деп шешілді. Бірақ биылғы қараша оңтүстік астанада өте салқын болды.

«Қайрат»: Cтас Покатилов, Исламбек Қуат, Сесар Арзо, Жарко Маркович, Ғафуржан Сүйімбаев, Михаил Бакаев, Анатолий Тимощук, Андрей Аршавин, Бауыржан Исламхан, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

«Астана»: Александр Мокин, Марин Аничич, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Неманья Максимович, Джуниор Кабананга, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Юрий Логвиненко.

Ойынның алдында түнде Алматыда қар жауды. Стадионның көгалы кез келген ауа-райына дайын болды, себебі мұның алдында оны арнайы қорғаныс жабындысымен жапқан болатын. Алайда матчқа бірнеше сағат қалғанда оны алып тастауға тура келді, сөйтіп, көгалды қар жауып тастады.

«Орталық» стадионның тамаша көгалында ойнап үйреніп қалған «Қайрат» өз алаңы беретін басымдықты айырылып қалды. «Астана» кездесуді белсенді бастап, алғашқы минуттарда допты маңдайшаға тигізді. Алматылықтар осындай көгалға үйреніп, көп ұзамай басымдықты қолдарына алды. Бірақ мұндай жағдайда сары-қара түстілердің техникасы мен креативі бар хавбектеріне ойнау қиын болды.

Аршавин мен Гоу бірінші таймда бірнеше соққымен есте қалды. Бұрыштан әуелеген доптан соң Арзо соққы бағыттаған. Ал таймның аяғында алматылықтар есеп ашуға жақын болды, бірақ ол мүмкіндікті пайдалана алмай қалды.

Екінші таймның басы да солтүстік-қазақстандықтардың еншісінде болды. Джуниор Кабананга Рохер Каньястың пасынан кейін гол соқты - 0:1.

Бұл голдан кейін бірден «Қайрат» белсенділік таныта бастады. Жанкүйерлер де сары-қара түстілердің барын салып ойнауға себепші болды. Жерар Гоу бірнеше рет қарсыластың айып алаңына барған, бірақ дәл соққы жасай алмады.

Соңғы ысқырықтың естілуіне 20 минут қалғанда Деспотович Покатиловпен бірге-бір шыққан, бірақ оның соққысы қиыс кетті.

Матчтың соңын «Қайрат» шабуылдармен өткізді, бірақ оның біреуін голға айналдыра алмай жатты. Қарсыластың жарты алаңында жүргендерің бәрі де соққы жасауға тырысты. Соңғы минуттар «Қайраттың» басымдығымен өткенімен, оны пайдалана алмады.

«Қайрат» Қазақстан кубогының финалында жеңіліп қалды және Қазақстан Кубогын клуб базасында мәңгіге сақтап қалу мүмкіндігінен айырылды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст