Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Кахабер Цхададзе: «Бұл ең ауыр жеңіс болды»

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- Біріншіден, өз ойыншыларымды бүгінгі ауыр жеңіспен құттықтаймын. Бүгінгі менің «Қайратта» өткізген уақытымдағы ең қиын матч болған сияқты. Бұл, сөзсіз, «Ақтөбе» үшін мақтаушы іс. «Астана» мен «Қайраттың» басқа командалардан мықты екендігі жасырын емес, сондықтан да көптеген жас ойыншылар бізге қарсы бар шеберліктерін көрсетіп ойнайды. Біздің апта ортасында Кубокта ойын өткізгендігімізді де ескеру керек, ал «Ақтөбе» демалған болатын. Бүгін алаңда ширақ қимылдай алмадық, бірақ ең маңыздысы үш ұпай еншіледік. Соңына дейін күресетін боламыз.

Бізді алыстан осы Ақтөбеге қолдауға келген жанкүйерлерімізге де алғыс айтамын. Оларға көп-көп рақмет!

- «Ақтөбе» сізді таңқалдыра алды ма?

- «Ақтөбк» бүгінгі ойында мықты көрінді.

- «Қайрат» екінші таймда есепті ұстап қалуға тырысты, осымен келісесіз бе?

- Түсінесіз бе, «Қайрат» қашан да жеңіс үшін ойнайды және дүгін біз жеңіске жеттік.

Өкінішімізге қарай, «Ақтөбе» ФК қауіпсіздік қызметі алматылық клубтың баспасөз-қызметіне «Ақтөбенің» бас бапкері Юрия Уткульбаевтың баспасөз-мәслихатына қатысуға рұқсат берген жоқ. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст