Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Кахабер Цхададзе: «Бәрі екінші ойында шешіледі»

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- Айта кетерлігі, чемпионаттың ойындары Кубоктың кездесулерінен өзгеше. «Атыраудың» соңғы уақыттарда көрсетіп жүрген нәтижесі команданың күшін білдірмейді. Олар бірінші алтылыққа кіре алмай қалған соң, жігерлерін жоғалтып алды. Олар бар күштерімен артқа жылжыды. Ең маңыздысы, біз қорғаныста сауатты ойнай білдік, гол жібермей, өз мүмкіндігімізді күттік те, соны пайдаландық. Шынымызды айтайықшы, мүмкіндіктер көп болмады, бірақ көбірек гол соғатын мүмкіндіктер болды. Өз алаңымыздағы алғашқы матч үшін - қалыпты есеп. Бәрі де біз көп гол салады деп күткен, бірақ олар қорғаныста өте жақсы ойнады. Барлығы екінші ойында шешіледі.

- Бірінші тайм көңілге дақ түсірді, ал екінші таймда бәрі өзгере кетті...

- Жалпы айтқанда, келісемін. Қарымта шабуылдан гол жіберіп алмас үшін қорғанысқа көбірек көңіл бөлдік. «Атыраумен» ойынды еске түсірейікші - 5:2. Допқа иелік еткендей едік, бірақ олардың шабуыл шебіндегі ойыншылар жақсы, ұрымтал тұсқа жүгіріп шыға алады. Біздің артқы жартылай қорғаушыларымыз қорғанысқа көп көңіл бөлді. Бірінші таймнан соң өзгеріс жасау қажет болды, біз солай жасадық. Тавамба ойынға сәтті еніп кетті. Тавамбаның шығуымен, қысымды арттырып, гол соқтық. Бұл біз үшін тиімді нәтиже, бірақ бәрі екінші ойында шешіледі.

- Ақтық ысқырықтан соң Сіз арбитрмен бір нәрсе жөнінде сөйлестіңіз. Қандай да бір эпизодпен келіспедіңіз бе?

- Мен Тавамбамен болған эпизод туралы сұрадым, ол пенальтидің болмағанын айтты. Ешқандай фол болмағанын түсіндірді. Біз бір-біріміздің қолымызды алып, сәттілік тіледік.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст