Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Кахабер Цхададзе: «Біз фанаттарымыз үшін ойнаймыз»

Назарларыңызға алматылық клуб бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- Жігіттерде өте әдемі жеңістерімен құттықтау қажет. Білесіздер ме, біз үшін нәтижесі ешқандай рөл атқармайтын соңғы ойында жігерлік таныту оңай болған жоқ. Сіздерге шынымды айтайын, бұл туралы футболшыларымызға жиі айттық. Бірінші соққан голымыз кері әсерін тигізді, футболшылар босаңсып, ойынды жоғалтып алдық. Ойыннан кейін футболшыларға алғысымызды білдірдік, үзілісте айтқан сындарымызды дұрыс қабылдады. Екінші тайм ойын тұрғысында үздіктердің бірі болды - өте әдемі ойнады. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Енді Атырауда өтетін ауыр матчқа дайындалуымыз керек. Бұл матчта мінез бен күрес футболдан да үлкен рөл атқарады. Бізде сәл демалып, дайындалатын уақыт бар.

Өте нашар жаңалық бар - Стас Лунин жарақат алды, алдыңғы айқыш байламы жыртылып кетті, демек, біз оны кем дегенде жеті айға жоғалтып алдық. Бұл менің көңілімді қатты түсіріп жіберді, жеңістің дәмін татып тұрғанда бұл жаңалық оны жауып тастады. Мен бұл жарақатты екі рет алғанмын, сондықтан оның не екенін білемін. Стас бұл тұрғыда жолы болмайтын жігіт, жарақатты жиі алады. Енді оған қолдау көрсетейік, клуб оның жылдам жазылуы үшін барын жасайды.

- Бүгін «Қайраттың» осы маусымда Алматыдағы соңғы матчы болды. Жанкүйерлерге не айтасыз?

- Білесіз бе, біздің жанкүйерлер тамаша, бізді ешқашан жалғыз қалдырмайды. Нәтижеге ешқандай рөл атқармайтын осындай ойындарда жанкүйерлеріміз туралы ойлауымыз керек. Бірінші кезекте біз фанаттарымыз үшін ойнаймыз және олардың көңілін түсірмеуіміз керек. Біздің өз алаңымызда ресми матчтарда жеңілмегеніміз қуантады. Біздің ойыншылар мен штаб жанкүйерлерді жақсы көреді.

- Бауыржан Тұрысбектің бүгінгі ойынын қалай бағалайсыз?

- Ойынға ену қиындау болады. Бауыржан ойын тұрғысында көп нәрсені қосты, оның жаттығуларынан соны көруге болады. Мүмкіндік болған сәтте оған ойын уақытын беруге тырысамыз. Мен онымен сөйлескенмін, оған биылғы жылдың бейімделуге арналғанын айттым. «Қайрат» - бұл үлкен клуб және мұнда ойнау оңай емес. Биылғы жыл Тұрысбек үшін ауысым үшін өтті, келесі жылы ол көбірек ойнап, өз пайдасын тигізеді. Ол шабуылда бірден бірнеше позицияны жаба алады.

- Қазақстан чемпионатының деңгейін бағалай аласыз ба?

- Біз қарсыласты жиі сараптадық, бірақ өз ойынымызға көп көңіл бөлдік. Бізде қарапайым ойындар болған жоқ, маусым өте қиын өтті. Бұл өте жақсы, себебі сол кезде ғана ел футболы көтерілетін болады. Мұнда екі клубтың бәсі жоғары - «Қайрат» пен «Астана», олар еуропалық деңгейдегі командалар. Чемпионат өте мықты, ал келесі маусым биылғыдан да қиын болатынына сенімдімін. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст