Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Кахабер Цхададзе: «Футбол аз, күрес көп болды»

Назарларыңызға алматылық клуб бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- «Астананы» Кубокты жеңіп алуымен және чемпиондықпен құттықтаймын. Ал ойынның өзіне келер болсақ, әрине, ауа-райы өзгерістер алып келді. Футбол аз, көбіне күрес пен алыс пастар болды. Стандарттар - «Астананың» көзірі. Біз көбірек мүмкіндік ұйымдастырдық, бірақ жолымыз болмай қойды. Олардың біздің қақпамызға жасалған шабуылдарын қарар болсақ, бір қолдың саусақтарымен санап шығуға болады. Өкінішке қарай, біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Футбол мұндайды кешірмейді. Қарапайым жерден гол жіберіп қойдық. Футболшыларға ұялатын ештеңе жоқ екенін айттым, себебі лайықты өнер көрсеттік. Тағы да айтайын, біздің жолымыз болмады.

- Матч барысында ешқандай ойыншы алмастырмадыңыз. Ойынды ешкім күшейте алмады ма?

- Алаңға шығаратын бір шабуылшымыз да болмады. Сондықтан соңғы он минутта Марковичке екінші шабуылшы рөлін атқаруды сұрадық. Шабуылда ойнай алатын жалғыз футболшы Тұрысбек болатын. Бірақ ол 3:0 кезінде қызыл қағаз алды. Оған екі сары қағаз көрсеткен арбитр үшін ұяламын. Сол арқылы ол қазақстандық жас футболшылға Кубоктың финалында ойнауға мүмкіндік бермеді. Біз аппелация жасағанбыз, бірақ оны қараған да жоқ. Әлемдік футболды көріңіздерші, ол жақта ФИФА президенті бейнеқайталауды қарап, өзі шешеді. Алаңнан қуылуға лайық болмағанын көруі керек еді. Қосалқы құрамда жас футболшылар ғана болды. Олар ойынды күшейтеді деп ойламаймын. Сондықтан бір ойыншыны алмастырмадық. Бірақ маусымның ең соңғы ойынында «Астананың» футболшылары шаршап қалғанын көрдіңіздер, ал біздің ойыншылар функциялық тұрғыда жақсы көрінді. Осы ауа-райына қарамастан, жақсы футбол көрсеттік.

- Қалай ойлайсыз, инспектор матчты басқа күнге ауыстыруы керек пе еді?

- Бұл туралы айта алмаймын. Ойынның алдында бір ғана білгенім, мұндай ауа-райы «Қайратқа» қарсы. Позициялық шабуылдарды жасағанда үлкен қиындық тудырды.

- Мұндай алаңға матч өткізетінін білгенде Аршавин мен Тимощуктің әсерлері қандай болды?

- Олар ойнау керектігін біледі. Алаңға шығып, күресті. Мінезі мен еркектігін көрсеткені үшін алғыс айтамын. «Қайрат» жеңіліске лайық емес еді. Бұл футбол. Жартылай мүмкіндіктер голға айналып, айқын мүмкіндіктерде гол соғылмай жатады. Дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын. «Қайраттың» ойыны бөлек, мұндай ауа-райында өз ойынын көрсете алмайды. Бірақ жағдай бірдей болды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст