Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Кахабер Цхададзе: «Жеңіс бізге күресуге мүмкіндік береді»

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- Барша жанкүйерлерді жақсы ойынмен құттықтаймын. Біздің футболшылар өте ұйымдасқан түрде ойнады. Бұл осы матчта өте маңызды болатын, себебі «Астана» - жоғары деңгейлі команда, өте тиянақты ойнайды, әсіресе қорғаныста. Қарсыластың ойынын сараптамадан өткізіп, әдейі бос аймақтар қалдырдық, сөйтіп олар жоғары ойнап, біз жылдам шабуылдар жасай алдық. Нәтижесінде біздің барлық голымыз жылдам шабуылдардың арқасында соғылды, сондықтан бұл нәтиже берді деуге болады. Өте әдемі ойында жеңіске жеттік. «Астанаға» Еуропа лигасында сәттілік тілеймін, біз оларға қолдау көретеміз.

- Алда «Астананы» ауыр күнтізбе күтіп тұр, бірден үш турнирде ойнайды. Бұл сіздің командаңых үшін басымдық бола ма?

- «Астана» ұпай жоғалтпайды деуге болады. Бұл жеңіс бізге чемпионаттың соңына дейін күресуге мүмкіндік береді. Біз күресеміз де. Күнтізбеге келер болсақ, бүгінгі ойынға біз бірқалыпты дайындалдық. Үлкен үзіліс болды, құрамаға кеткен ойыншылар бізде де, «Астанада» да болды. Жағдай бірдей.

- Қазақстан құрамасына «Қайрат» сапынан үш ойыншы ғана шақыртылды. Ал «Астананың» 80%-ы өз елдерінің құрамасына кетті. Біһұл қандай да бір рөл атқарды ма?

- Олай ойламаймын, біз дұрыс ойын қалыптастырып, жеңіске жете алдық. Бәрінде де бірдей күнтізбе, маусым мен шілдеде біз 16 матч өткіздік, бірақ «Астана» бірнеше ойынын кейінге шегерді. Шынайы көзбен қарайықшы, бүгін біз дұрыс қойылған ойынның арқасында жеңіске жеттік.

- Бүгін Аршавин ойынды қосалқы құрамда бастады, бұл неге байланысты?

- Аршавиннің тойы өтті, біз алдында келісіп алғанбыз, ол командаға сәл кешірек қосылды. Жаттығуларды тек 5 қыркүйектен бастап қана жасай бастады. Оның толық дайын еместігін көрдік, тіпті, бүгін ойнаған 30 минутқа да. Бірақ біз оны дұрыс пайдаландық, себебі Аршавин расымен де ұлы футболшы. Менің ойымша, Аршавиннің Қазақстанда ойнайтынына «Қайрат» қана емес, бүкіл ел мақтануы керек. Өз атына қарамастан, ол ойынға тыңнан қосылып, барын сала ойнайды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст