Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Карлос Алос Феррер — «Қайраттың» бас бапкері

«Қайрат» ФК бапкермен еңбек келісіміне отырды.

Карлос Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының жас футболшыларымен істеген жұмысы арқылы танымал. Сондай-ақ, ол Қазақстан футбол федерациясының бапкерлік кеңесінде болды. Бұған дейін маман польшалық Седльце қаласының «Погонь» клубын жаттықтырған. Сонымен қатар, «Барселонаның» Польшадағы спорт мектебінде, Гонконг қаласындағы футбол академиясында жұмыс істеді.

Маманмен келісім-шарт осы маусымның соңына дейін жасалды.

«Қайрат» ФК Қазақстан футбол федерациясына бапкерді Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан босатуға келісім бергені үшін алғыс айтады.

Қазақстан футбол федерациясы мен клуб арасындағы келісімге сай Карлос Феррер Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы аясындағы қыркүйекте өтетін матчтарға, сондай-ақ биыл қазанда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық аясында U-17 жасөспірімдер құрамасының бапкерлеріне кеңес айтуын жалғастыра береді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст