Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Копенгагенде ірі есеппен жеңілдік

Қазақстан құрамасы даниялықтардың төрт голына бір доппен жауап қатты.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш қайраттық алаңға шықты – Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев және Бауыржан Исламхан. Соңғысы капитандық міндетті атқарды.

Алматылық клубтың қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев 17-ші минутта әдемі голмен көзге түсті. Қайраттық ойыншы орта ығысып, допты сол аяғына ыңғайлап алды да, алыстан соққы бағыттады. Дания құрамасының қақпашысы Фредерик Реннов өз командасын құтқара алмады. Осы голдың арқасында қазақстандықтар есепті теңестіріп тастаған.

Алайда даниялықтар Корнелиус, Эриксен және Анкерсенның арқасында жеңісті жұлып әкетті – 1:4.

Қазақстан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында келесі матчын наурызда сырт алаңда Арменияға қарсы өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст