Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Маусымды әдемі аяқтадық

«Қайрат» чемпионаттың ең соңғы матчында жеңіске жетті.

Бұл кездесудің басында алматылықтар осы маусымның қорытындысы бойынша екінші орын алғаны белгілі болды. Алайда Кахабер Цхададзе шәкірттері бұл ойында жеңіле салмақ емес. Чемпионаттың соңғы ойынына «Қайрат» білек сыбана шықты.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Станислав Лунин, Тимур Рудосельский, Сесар Арзо, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат, Анатолий Тимощук, Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

«Оқжетпес»: Саша Стаменкович, Олександр Чижов, Джозеф Нейн Еоне, Виталий Волков, Серж Бандо Нганбе, Антон Куксин, Ильнур Мангуткин, Мирас Төлиев, Игорь Юрин, Жасұлан Молдақараев, Жақып Қожамберді.

Алматылықтар ойынның есебін жылдам ашты. 2-минутта Стаменкович допты өз қақпасынан алып шығуға мәжбүр болды. Аршавин сол қанаттан әуелетті, «Оқжетпестің» қорғаушысы қате жіберіп, Гоу соққы жасады - маусымдағы 22-ші гол.

Көкшетаулықтар Молдақараевтың қауіпті соққысымен жауап қатты, бірақ қайраттықтарды Стас Покатилов құтқарып қалды. Келесі шабуылдардың бірінше Лунин жарақат алып қалды да, оның орнына Бақаев шықты.

Жалпы, бірінші таймда қауіпті мүмкіндіктер көп болған жоқ. Бірақ «Қайраттың» таймның бірінші жартысында жасаған бір шабуылын ерекше айта кеткен жөн. Алматылықтар жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырды, Исламхан допты Тимощукке қалдырған. Анатолийдің соққысы қақпадан сәл қиыстау кетті.

Ойынның үзілісінен кейін де сценарий өзгерген жоқ. Бұл жолы оң қапталдан жасалған шабуылда Қуат допты айып алаңына жіберді, Исаэль мүлт кетпеді - 2:0.

Екінші таймның алғашқы бес минутында алматылықтар таблодағы есепті іріге дейін жеткізді. Артем Кучин пенальти белгілеп, оны Исламхан орындады. Бауыржанның соққысын Стаменкович кері қайтарғанымен, допқа бірінші болып Исламхан жетті - 3:0.

66-минутта есеп айырмашылығы төрт допқа дейін ұзарды. Бұл жолы Исламхан шабуылдың сол қанатынан табылып, айып алаңына пас асырды, бұл тұста Қуат дәлдік танытты - 4:0. Бұл ойынның нүктесін Ғафуржан Сүйімбаев қойды - 5:0.

Өз алаңында «Оқжетпеске» қарсы өткізген екі матчта алматылықтар 11 гол соға алды, «Орталық» стадионда олардан артық ешкім гол жібермеді. Бірақ жанкүйерлерге «Оқжетпестің» ойыны ұнағандай болды. Владимир Мұхановтың командасы қорғаныста жанып алмай, шабуылдаудаушы футболды қолдануға тырысты.

«Қайрат» чемпионаттың ең соңғы матчында қарсыласын тас-талқан етті - 5:0. Клубтың негізгі құрамы алда жартылай финалдың «Атырауға» қарсы қарымта кездесуі күтіп тұр, ал «Қайрат U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасында ойнайды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст