Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Қонақтар қайратын көрсетті

Маусымның аяғында алматылықтарға әр матчта жеңіске жету қажет, оның үстіне, «Қайрат» өз алаңында қашан да сенімді ойнап жүр. Павлодарлықтарға қарсы кездесуде команда тек жеңіске жетуді ғана мақсат қылды.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Исламбек Қуат, Михаил Бақаев, Анатолий Тимощук, Бауыржан Исламхан, Герсон Асеведо, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

«Ертіс»: Антон Цирин, Томаш Жирсак, Карлос Мануэл Фонсека, Георгас Фрейдгеймас, Игнасио Хосе Эррера Фернандес, Байе Джиби Фаль, Григорий Сартаков, Казбек Гетериев, Елдос Ахметов, Әлібек Аяғанов, Роман Мұртазаев.

Кездесудің басында тең деңгейде өтті, «Қайратта» сәл ғана басымдық болған. Бірақ бірінші қауіпті шабуылды қонақтар ұйымдастыра алды. Гетериев допты алаң ортасында қабылдап алып, қауіпті қарымта шабуыл ұйымдастыруы мүмкін еді. Қазбек пас берудің орнына, өзі соққы жасауға тырысты. Оны Анатолий Тимощук кері қайтарып тастады.

Алаң иелері артынша шабуылға кірісті, Исламхан жойқын соққымен көзге түскен, Сүйімбаев та қауіпті соққы жасады, бірақ екеуі де гол соға алмады. Бірінші таймның ортасында «Қайрат» бұрыштама доп көтеру мүмкіндігін алды, айып алаңына асырылған пстан кейін шағын қарбаласты болды. Нәтижесінде Гоу гол соқты - 1:0.

Бірнеше минуттан кейін Жерар дубль авторы атануға жақын болған, бірақ бұл жолы оның соққысын қорғаушылар кері қайтара алды.

Екінші тайм да осылай өтті. Айта кетерлік жайт, павлодарлықтар қорғаныста да ғана емес, шабуылда да сенімді ойнады. Ойынның екінші жартысында «Қайраттың» айып алаңында қауіпті сәттер жиі болды. Қонақтар бірнеше рет соққы жасау мүмкіндігіне ие болды. Соңғы соққылардың бірін Маркович алып шықты.

«Қайрат» өз әдетіндегі қарымта шабуылмен жауап қатты, оны Асеведо аяқталған. Чилилік ойыншы жақсы соққы жасаған, бірақ қорғаушылар орнында. Кейінгі сәттердің бірінде Аршавин Гоуға тамаша пас берген, бірақ соңғысы қиыс тепті.

Павлодарлықтар бұл ойынға жақсы дайындалған, есепті теңестіре алды. Алаңға тыңнан қосылған Григалашвили дәл соққы жасады - 1:1.

«Қайрат» бірден құрамға өзгерістер енгізіп, алаңға Тавамбаны шығарды. Алаң иелері шабуылға көп көңіл бөлетіні белгілі еді, бұл пайдасын тигізді. Тең есеп бірнеше минут қана сақталып тұрды, артынша Исламхан жойқын соққымен допты қақпаның тоғыздығында тулатты - 2:1.

Ойынның соңында қос тарап та алма кезек шабуылдай берді, бірақ командалар есепті өзгерте алмады. «Қайрат» өз алаңында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде бірінші орынға таласын жалғастырады.

Кахабер Цхададзе шәкірттері келесі ойынын 21 қыркүйекте Қазақстан кубогы аясында «Орталық» стадионда «Атырауға» қарсы өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст