Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Орталықтағы» тең есеп

«Қайрат» өз алаңында «мұнайшыларды» қабылдады.

«Қайрат» - «Атырау» - 1:1

Голдар: Сикимич, 70 – Тұрысбек, 75

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Сезар Арзо, Исламбек Қуат, Акош Элек, Михаил Бакаев (Жуков, 74), Андрей Аршавин (Тұрысбек, 31), Исаэль Барбоза, Бауыржан Исламхан (К), Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Ойбек Балтабаев,Тимур Рудосельский, Чума Анене, Елдос Ахметов, Георгий Жуков

«Атырау»: Андрей Пасеченко (Қ), Йован Джокич, Владимир Двалишвили (Сүлей, 46), Предраг Сикимич, Ризван Аблитаров, Юре Обшивач, Новица Максимович (Хайруллин, 46), Дәурен Мәжітов, Айбар Нұрыбеков (Қайраллиев, 73), Эльдар Әбдірахманов, Захар Коробов

Қосалқы құрам: Жасур Нәрзіқұлов (Қ), Шавкат Саломов, Қуаныш Қалмұратов, Бекжан Әбдірахманов, Антон Чичулин, Эдуар Сергиенко

Ескертулер: Хайруллин, 75

Матч қонақтардың айып алаңындағы мүмкіндіктен басталды. «Атырау» ойыншысы өз қақпасының маңында қолмен ойнап, командасына пенальти алып келді. Алматылықтардың капитаны нүктеге келген, бірақ Пасеченко қонақтарды құтқарып қалды.

Артынша «Қайрат» өз әдеті бойынша шабуылын жалғастыра берді, бірақ қонақтардың қорғаушылары сыр берген жоқ. 18-минутта бұрыштан әуелеген допты Шелдон Бато қақпаға бағыттаған, бірақ сәл биік кетті.

Командалар үзіліске тең есеппен кетті.

Екінші таймда «Атырау» алдыңғы шептегі ойынға тың леп әкелу үшін бірнеше ойыншысын алмастырды. «Қайрат» қарсыластың ойыншыларын сәтті жауып жатқан. 70-минутта жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырған «мұнайшылар» есепте алға шықты. Сикимич қапталдан асырылған пасты голға айналдырды.

5 минуттан соң Бауыржан Тұрысбек қонақтардың айып алаңында баспен ойнап, таразы басын теңестіріп тастады – 1:1. Сол сәтте екі команданың ойынына да жаңа леп келген. «Қайрат» қақпаға қысымын жалғастыра берді. мысалы, Жерар Гоу Жуковтың пасынан кейін соққы жасаған: доп қауіпті ұшса да, қонақтардың қақпашысы бәрін бақылауда ұстады. Қорытынды есеп – 1:1.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст