Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Самаралықтарды қапы қалдырдық

«Қайрат» «Крылья Советовқа» қарсы жолдастық матчта жеңіске жетті – 1:0.

«Қайраттың» негізгі құрамы: Плотников, Ахметов, Арзо, Маркович, Вороговский, Исаэль, Қуат, Балтабаев, Аршавин, Исламхан, Тұрысбек.

Алматылықтар матчтың басын сәтті өткізіп, шабуылда басымдыққа ие болды. Самаралықтар болса, оған жауап қатуға тырысты, бірақ қауіп төндіре алған жоқ. Бірінші таймның ортасына таман «Қайрат» есеп ашты – Аршавиннің пасынан кейін Исаэль ресейліктер қақпасынан саңлау тапты.

Матчтың екінші жартысында самаралықтар шабуылда белсенділік танытуға ұмтылды, бірақ «Крылья» ойындағыдай істей алмады. Тек Паскуатоның соққысы мен Кудряшовтың мүмкіндігін ғана атап өтуге болады. Соңғы ысқырыққа 20 минут қалғанда алматылықтар қақпасына қауіп төнгенімен, «Қайраттың» қорғанысы сыр берген жоқ.

Бұл «Қайраттың» оқу-жаттығу жиынындағы оныншы кездесуі болатын. Алматылықтар жетеуін жеңіспен аяқтады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст