Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Станимир Стойлов: «Жағдай қиын болды, бірақ екі команда да барын салды»

Назарларыңызға елордалық клуб бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Станимир Стойлов, «Астана»:

- Осы маусымда алтын дубль жасай алғанымызға қуаныштымын. Осы жеңіс үшін өз ойыншыларыма, клуб басшылығы мен жакнүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жағдай қиын болды, бірақ екі команда да барын салды.

- Мансабыңызда осындай жағдайда өткен матчтар болды ма?

- Бірнеше жыл бұрын болды. Қарағандыда «Шахтерге» қарсы ойнағанбыз. Мұндай ауа-райы жанкүйерлердің футболға қуануына мүмкіндік бермейді. Мұндай уақытта матчтарды жабық стадиондарда өткізген дұрыс, бірақ Алматыда өтеді деп шешілді, біз осында ойнадық.

- Матч алдында ойынды басқа күнге ауыстыру туралы сұрағыңыз келмеді ме?

- Біз, өкінішке қарай, ешқайда ауыстыра алмаймыз. Осы бейсенбіде Еуропа лигасында ойнаймыз. Ойынды алмастыру біздің құзырымызда емес, Көкшетауда мұз үстінде ойнағымыз келмеді. Матчтарды ұйымдастыратын адамдарға осыны алдында ала шешіп қою керек, себебі мұндай жағдайдағы матчтар жанкүйерлерге қолайсыздық тудырады және футболшылардың денсаулығына зиян келтіруі ықтимал.

- Сіздерді АПОЭЛ-ге қарсы матч күтіп тұр. Қазақстанда бәрін жеңіп алдыңыздар, енді еурокубокта жеңіске жете аласыздар ма?

- Бар күшімізді салып, өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз, АПОЭЛ-ге қарсы ойын өте ауыр болады. Ертең бізді салтанатты марапаттау рәсімі күтіп тұр, артынша дүйсенбіде Еуропа лигасының ойынына дайындықты бастаймыз. Футболшылар өз жігерін көрсетіп, бізді жанкүйерлер қолдаса, жақсы нәтижеге үміт арта аламыз.

- Жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Неманьяда жарақат болды. Ол ауысуды сұрады, бірақ оның орнына шығаратын ойыншы болмады. Қалай айығатынын көре жатармыз, құрама сапында екі ауыр матч өткізді. Құраммен жағдайымыз қиын - бүгін екі жаттығу ғана өткізген Нөсербаевты алаңға шығаруға тура келді. Ал қосалқы құрамда Деспотович, Малый және жас ойыншылар ғана болды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст