Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Стойчо Младенов: «Мүмкіндігіміз бар»

Стойчо Младенов, «Атырау»:

- Бұл ойынның қиын болатынын білдік. Жақсы дайындалғанбыз, біздің футболшылар тактикалық тәртіпке бағына білді. Көп уақытты қорғаныста өткіздік, бұл қонақтағы ойын, енді өз алаңымызда ойнаймыз - мүмкіндігіміз бар.

«Атыраудың» алдында қандай мақсаттар тұр?

- Білесіз бе, бізде чемпионаттың басынан бері үлкен қиындықтар бар. Төрт ойыншымызды жоғалтып алдық - Балтаев, Қонысбаев, Коробкин және Кузьмин. Қазір ойыншыларымыз аз. Өте қиын, чемпионаттың соңына дейін үш жеңіс қажет.

- Қазақстандық футболда Сіз үшін ерекше не жайт болды?

- Соңғы үш жылда қазақстандық футбол жақсарды, қазақстандық футбол Еуропада өз имиджін қалыптастырды, қазақстандық футбол туралы көп айтады.

- Болгариялық футболмен салыстырар болсақ, ҚПЛ-дің деңгейі қандай?

- Мұнда бәсекелестік жоғары. Екінші алтылықтың соңғы командалары бірінші алтылықтағы кез келген ұжымды жеңіп кетуі мүмкін. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст