Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Сырт алаңда тас-талқан еттікАлматылық клуб Астанада ірі есепке қол жеткізіп, турнир көшбасшысынан ұпай айырмасын қысқарта алды.

«Қайрат» пен «Астананың»  матчтары уақық өткен сайын өзара үлкен жекпе-жекке айналып барады. Елордалар кездесуін бүкіл еліміздегі футболсүйер қауым қарайды және бүгін командалар қызық матч көрсете алды.  

«Астана»:  Ненад Эрич, Марин Аничич, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Неманья Максимович, Джуниор Кабананга, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Исламбек Қуат, Сесар Арзо, Жарко Маркович, Ғафуржан Сүйімбаев, Анатолий Тимощук, Михаил Бакаев, Герсон Асеведо, Бауыржан Исламхан, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

Көшбасшылардың көп матчтары басында жиі іш пыстырарлық ойын көрсететін - футболшылар қарсыласқа мүмкіндік бермеуді ойлап, сақ ойнайды. Алайда, бүгін ондай жағдай болған жоқ. «Астана» мен «Қайрат» бір-бірін барлап жүрмей, бірден алға ұмтылды. Командалар алғашқы минуттарда бірнеше шабуыл ұйымдастыра алды, бірақ екі тарап та тоқтата білді.

Қонақта ойнағанына қарамастан «Қайрат» сенімдірек ойнады, соның арқасында әділетті голмен марапатталды. Кездесудің 5-ші минутында Исламхан оң қанат арқылы айып алаңына еніп, Асеведоға дәл пас қалдырды. Герсон жойқын соққы жасады - 1:0.

Артынша «Қайрат» екінші голын соғуға жақын болды, Гоу Эричпен бірге-бір шыққан, бірақ бұл шабуылшы төрешілер аяқтады - офсайд.

«Астана» ойын барысын өзгертуге тырысты, таймның ортасына таман алаң иелері допқа көбірек иелік ете бастады, бірнеше стандарттық шабуылдар да ұйымдастыра алды. Рохер Каньястың айып алаңынан жасаған соққысын айта кету керек, бірақ доп жойқын соққыдан кейін қақпадан қиыс кетті. Жалпы, бүгінгі ойында Стойлов шәкірттері жиі алыстан соққы бағыттап тұрды, Мұжықов та 40 метрден соққы жасап көрді, бірақ доп тағы да биік кетті.

Екінші тайм «Қайратттың» шабуылымен басталды. Алматылықтар Гоудың орындауында бірнеше соққы бағыттады, бірақ олардан табыс болмады. «Астана» ақырындап басымдықты өз қолдарына алатындай көрінген, бірақ қайраттықтар сенімді ойнады.

63-минутта «Қайрат» тамаша қарымта шабуыл ұйымдастыра алды, нәтижесінде Исламхан гол соқты - 2:0. Бірнеше минуттан соң Цхададзе шәкірттері есепті іріге дейін жеткізе алды, Жерар Гоу дәлдік танытты - 3:0.

«Астана» жауапсыз үш гол жібергеніне қарамастан, бірнеше минут бойы жоғары деңгейде ойнады. Деспотович алыстан соққы жасады - 3:1.

Мұндай жағдай қонақтарға қолайсыз болды. «Қайрат» шабуылдарын жалғастыра берді, сөйтіп есеп айырмасын ұлғайта алды. Исламхан допты Аршавинге қалдырған, Андрей допты қақпада тулатты - 4:1.

Соңғы минуттарда «Астана» есептегі айырмашылықты қысқартуға тырысқанымен, «Қайрат» қорғаныста қате жібермеді. Осылайша, алматылықтар елордалық алаңда «Астананы» тас-талқан етіп, ұпай айырмасын қысқарта алды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст