Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Уәдені орындайтын сәт келді

Естеріңізге сала кетсек, блогер Петр Воликов Андрей Аршавин «Қайратқа» ауысқан соң ресейлік үшін ҚПЛ сәтті болатынына күмән білдірген. Журналист тіпті бәс тікті - егер Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол соқса, Петр шашын тақырбас қылып алып тастауға уәде берді.

«Ақтөбеге» қарсы ойында Андрей Аршавин Чемпионаттағы 8-ші голын соқты, кейін журналиске бейнехабарлама жазып, сол уәдесін есіне салды.

Қазақстандық блогер шашын қиып тастауға дайын екенін айтты, ал бүгін Андрей мен Петр сол уәдені орындайтын жерді ақылдасты.

Алматылық клубтың футболшысы мен журналист осы бейсенбіде (6 қазан) «Алматы» СҮ-де (Республика алаңы, 2) 15:00-де кездеседі.

«Қайрат» осы іс-шараны тамашалаймын деушілердің барлығын шақырады. Айта кетейік, клубтың жанкүйерлерін тосын-сыйлар күтіп тұр. «Қайрат» ФК атрибутикасымен келген әр футболсүйер адам осы бейсенбіде Bekmambetov Cinema кинотеатрының кез келген сеансына 20% жеңілдік алады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст