Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Владимир Мұханов: «Жуковтың шеберлігі матч тағдырын шешіп кетті»

«Ақтөбенің» бас бапкері «Қайратқа» (1:2) қарсы матч жайлы өз ойымен бөлісті.

- Бүгін философиясы бойынша жақын командалар кездесті, екі ұжым да ойынды доп арқылы жасауға тырысады. Сондықтан, жалпы, ойын әсерлі болды. Командалар басымдыққа таласты деп ойлаймын, кейде «Қайратта» болса, кейде бізде. «Қайраттың» ойынынан сапасы бойынша үздік болуға тырысқан матчымыз есімде жоқ. Бірінші таймда қателіктер көп болды, ойыншылар жиі абыржыды, тек гол жіберген соң ғана қимылдай бастады. Екінші таймда мазмұнды футбол көрсете алдық, өз алаңымызда қысым пайда болды, кей тұста жылдамдықты да арттырдық. Матчтың шешуші сәті Савичтің қақпашымен бірге-бір шығып, гол соға алмай қалғанында. Оған сын таға алмаймын, ол жақта бәрі жылдам болды. Өкінішке қарай, Жуковтың шеберлігі матч тағдырын шешіп кетті. Ойын бойынша футболшыларға айтар сыным жоқ. Көрермендер команданың жеңіске жеткісі келгенін байқады, бірақ ешқандай ұпай ала алмадық. Бәрімізге аз уақыт демалып, одан да жақсы ойнау қажет.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст