Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Владимир Муханов: «Бүгінгі матчта эмоция мен күш жетіспеді»

Назарларыңызға көкшетаулық клуб бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Владимир Мұханов, «Оқжетпес»:

- Бірінші минутта-ақ гол жіберіп қойғанымызға қарамастан, бірінші таймда жақсы ойнадық. Қорғаныста үлкен қателіктер болған жоқ, ұжымдық түрде ойнап, қарымта шабуылға кетіп тұрдық, гол соғуға болатын екі мүмкіндігіміз де болды. Үзілісте сөйлестік. Команда жинақы ойнамағандай көрінді. «Қайраттың» белді ойыншыларынан қорқатындай болды. Біз командаға ештеңені жоғалтпайтынымызды және мақсатты орындап қойғанымызды айттық. Өкінішке қарай, бәрі керісінше болды - екі дөрекі қате, 0:3-тен кейін ойын аяқталды. Бұл маусымда екі күннен соң үшіншісінде матч өткізіп үйренбегенбіз, бүгінгі матчқа эмоция мен күш жетіспеді.

- Бірінші матчта 6 гол, екіншісінде 5. Бұл неге байланысты?

- «Қайрат» біздің команданы тапқан шығар. Біз автобус қойып тастап, артқы шепте ойнайтын команда емеспіз. Бұлай бір матчта ойнауға болады, бірақ бұл болашақта ештеңе әкелмейді. «Қайраттан» бір ұпай алу үшін бүкіл психиологияны бұзу керек, бұлай жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Маусым барысында құрамның жартысын жоғалтып алғанымызды ескеру қажет, бұл да бүгінгі матчта рөл атқарды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст