Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Өз алаңымыздағы соңғы ойын

«Қайрат» ел чемпионатын өз алаңында «Оқжетпеске» қарсы матчпен аяқтайды.

Көкшетаулықтар қола жүлде үшін талас жолында шығып қалды, бірақ олар әлі төртінші орынға таласа алады, сол кезде еурокубокқа өтуге мүмкіндік те пайда болмақ.

«Оқжетпес» - 1968 жылы құрылған футбол клубы. Матчтарын 4500 адам сыятын клуб аттас стадионда өткізеді. Бұл команданың лақапаттары көп емес, ең атақтысы - көкшетаулықтар, енді логотиптерін өзгерткен соң оларды мәскеулік «ЦСКА» секілді «жылқылар» деп атайтын шығар. Клубтың ресми сайты - www.okzhetpes.kz.

Құрамда кімдер бар?

Алаңда өткізген уақыты бойынша команданың көш басында қақпашы Саша Стаменкович келе жатыр, бірақ ол «Оқжетпес» сапында бірінші турдан бері ойнап жүр деуге келмес. Виталий Волков пен Джозеф Нейн одан сәл азырақ ойнады.

Команданың нәтижелеріне Хайруллин, Чичулин, Бөлешев және Кислицын үлкен үлесін қоса алды. Бірақ бұл футболшыларды белгісіз себептерге байланысты негізгі құрамнан шығарып тастады. Бұл квартеттің еншісінде маусымның 16 голы бар - бұл «Оқжетпестің» 2016 жылы соққан голдарының үштен бір бөлігінен көбірек. Енді көкшетаулықтардың шабуыл шебіндегі негізгі күші Нганбе мен Молдақараев саналады.

Пікірлер қандай?

Өткен матчта «Оқжетпес» «Астанамен» тең тарқасып, елордалық команданың чемпион атануына мүмкіндік берді. Көкшетаулық команданың бас бапкері Владимир Мұханов өз ұжымының бірінші таймды тамаша өткізгенін айтты: «Бізде екі тамаша мүмкіндік болды, гол соғуға жақын болдық, ал «Астана» болса, пенальтиден гол салуға мүмкіндік алды. Біздің қарымта ойындарымыз бір деңгейде болды деп ойлаймын. Екінші таймда шабуылда ойынымыз жүрмеді. Біздің шабуылдарды қарсыластың сауатты қорғанысы тоқтата алды. Тең есеп әділетті деп ойлаймын».

Не күтеміз?

«Оқжетпес» үшін «Қайратқа» қарсы матч маусымдағы ең соңғы ойын, демек, көкшетаулықтар бар күштерін салады, жеңіске жету де тырысады. Солтүстік қазақстандықтарда турнир кестесінің төртінші сатысынан орын алуға мүмкіндік бар, сол кезде еурокубокта да ойнауы мүмкін. Алматылықтарды алда кубоктың жартылай финалдық ойыны күтіп тұр.Бірақ Кахабер Цхададзе шәкірттері биылғы маусымда чемпионатта өз жанкүйерлерінің алдында енді ойнамайды. Сондықтан, «Қайрат» жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанту үшін барын салады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст