Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Жеңілмейтін «Орда»

Алматылықтар үшін соңғы уақыттарда «Ордабасыға» қарсы ойындар ерекше маңызға ие. Осы маусымнан кейін бұл командалар арасындағы ойынның маңыздылығы өсе түсетін секілді.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Анатолий Тимощук, Бауыржан Исламхан, Герсон Асеведо, Андрей Аршавин, Жерар Гоу.

«Ордабасы»: Алмат Бекбаев, Александр Гейнрих, Абдуллай Диакате, Доминик Чатто, Александр Симчевич, Бранислав Трайкович, Гогита Гогуа, Ренат Абдуллин, Мардан Төлебек, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бақдәулет Қожабаев

Бірінші тайм екі команда үшін де қиын басталды. «Қайрат» та, «Ордабасы» да алға ұмтылды деуге келмес. Әрине, алматылықтар допқа көбірек иелік етіп, шабуылдады, бірақ бұл нәтижесін бере қойған жоқ.

«Қайрат» алғашқы 10 минутта бірнеше қауіпті соққылар жасады. Алдымен Бақаев алыстан соққы жасап, Бекбаевтың қырағылығын тексеріп көрді, артынша Асеведо Гоуға пас қалдырған, бірақ соңғысы мүлт кетті.

Бірінші таймның ортасында алматылықтар есепте алға шыға алды. Исламбек Қуат айып алаңына еніп, соққы жасаған, бірақ доп қорғаушыларға тиіп, Гоудың аяғына келді. Жерар өз мүмкіндігін жібермеді - 1:0.

Шымкенттіктер таразы басын теңестіруге тырысты, бірнеше сәтсіз ұмтылыстардан кейін қонақтар есепті теңестіре алды. «Қайраттың» айып алаңында ең биікке секірген Еркебұлан Тұңғышбаев голдың авторы атанды - 1:1. Артынша оңтүстік қазақстандықтар айып соққысын орындады, бірақ доп қақпадан қиыс кетті.

Мұндай нәтиже қонақтарға жеткілікті еді, олардың екінші таймдағы ойыны осыған дәлел бола алады. «Қайрат» уақыттың басым бөлігін шабуылда өткізді, ал «Ордабасы» бірінші мүмкіндігінде-ақ футболдағы құйтырғы амалдарға барып жатты.

Алматылықтардың бапкерлік штабы бірнеше ойыншыны алмастырды. Исаэль мен Тавамба шабуылға дем беруге шықты, бірақ «Қайрат» қысымын жалғастырса да, гол соға алмады. Бұған жейін Аршавин мен Гоу бірнеше соққы жасаған. Кей сәттерде доп айып алаңында шымкенттіктердің қолына тигендей көрінген болатын, бірақ бас төрешінің пікірі басқаша болды.

Матчтың соңына таман Бекбаев қақпасының маңы өте қауіпті болды, бірақ қонақтардың қақпашысы сенімді ойнап, өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Айта кетейік, Покатилов та бірнеше сейвпен көзге түсті - солардың бірі соңғы он минуттықта Гейнрихтың алыстан жасаған соққысынан кейін болды. «Қайрат» Исаэльдің жойқын соққысымен жауап қатты, бірақ доп маңдайшадан биік кетті.

Матчтың арбитрі қосымша уақытты көп қосқанымен, бұл уақыт та жетіскен жоқ - алматылықтар алға шыға алмады. Осылайша, «Қайрат» «Ордабасыға» қарсы ойында тағы да ұпай жоғалтты. Бұл жолы таблода тең есеп тіркелді – 1:1.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст