Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Жерар Гоу: «Қайрат» — маған ойнауға мүмкіндік берген клуб»

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу УЕФА-ға берген сұхбатында «Халық командасындағы» өмірі жайлы пікірін айтты.

- Сіз қатарынан екі жыл бойы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атаңдыңыз. Осындай нәтижелігіңіздің себебі неде?

- Қазақстанда үш маусым бойы жақсы ойнап келемін. Менің жұмысым – гол соғу. Алаңда жүргенімде, бар ойым допты қақпада тоғыту ғана болады. Бақытты болуым үшін, гол соғуым керек. Бәрі менен осыны күтеді, жанкүйерлер ерекше бір нәрсе жасай алатыныма сенімді. Бұл үлкен қысым, бірақ мен артық ойдан құтылып, ойынға ғана көңіл бөлуге тырысамын. Осылай ғана маған сенім артып жүрген адамдарға дәлелдей аламын.

- Сіздің жетістіктеріңізді Еуропада байқаған шығар. Қандай клубтардан ұсыныстар түсті?

- Көптеген командалар байланысқа шығады, бірақ «Қайратпен» әлі бір жылдық келісім-шартым бар. Мен кәсіпқой ойыншымын және басқа клубқа ауысу үшін өз командаммен келісім-шартты тоқтата салмаймын. Мен осындамын, жұмысымды жалғастыра беремін. Көптеген командалар маған қызығушылық танытады – арабар, қытайлар және еуропалықтар. Бірақ «Қайратта» ойнаймын. 

- Мансабыңызда бірнеше клубты ауыстырдыңыз. «Қайрат» сіздің командаңыз деп айтуға бола ма?

- 26-28 жасында әр ойыншы өсіп, дами түседі, футболдың не екенін шынайы түсіне бастайды. Мен қазір дәл сондай жастамын, сондықтан жалықпай, қайратпен жұмыс істеуімді жалғастырамын. «Қайрат» - маған ойнауға мүмкіндік берген клуб.

- Қазақстанға дейін «Краснодарда» аз уақыт ойнадыңыз. Не кедергі болды?

- Өзін көрсету үшін футболшы алаңда болуы тиіс. Егер мен алаңда болмасам, гол соға алатын жақсы форвард екенімді қалай дәлелдеймін? «Краснодардағы» кейбір матчтардан соң, тіпті, жеңіске жетсек те, жылайтынмын. Неге ойнамай жүргенімді түсінбейтінмін. Өзімді өте нашар сезіндім. Еркектің жыламауы керек, бірақ кейде көз жасыңды ұстап тұру мүмкін емес. Алаңда жүріп, жеңіске жетіп жатқан футболшыларға қарағанда мықты екенімді білетінмін. «Краснодар» - тамаша команда, бірақ маған ойнауға мүмкіндік бергенінде, клуб жақсы шабуылшыны алар еді. 

- «Краснодардағы» қай әріптесің есіңде қалды?

- Бірінші кезекте, Исаэль Барбоза туралы айта аламын. Бүгінде «Қайратта» бірге ойнап жүрміз. Жоазиньомен, Вандерсонмен бірге ойнағанмын – олар менің  жақсы достарым. 

- Бірде Анатолий Тимощук пен Андрей Аршавин сіз бір командада ойнаған ең үздік ойыншылар екенін айтқансыз. Неліктен?

- Тимощук «Баварияда» ойнады, әлемдегі ең үздік лигалардың бірінде. Аршавин болса, «Арсенал» мен Ресей құрамасынша тамаша өнер көрсетті, капитан болды. Бұл қос аңыз біздің командаға келіп, бәріміздің кәсібилік тұрғыда өсуімізге көмектесті. Оның ішінде мен де бармын. «Қайратқа» келген кезімде клуб салиқалы болатын, бірақ біздің жұмысымыз одан сайын мықты қалды. Клуб басшысы Қайрат Боранбаев команда үшін көп нәрсе жасап жатыр – академияларды, алаңдар мен базаларды дамытуда. Бұрын Тимощук бар еді, енді Аршавин, Исаэль бар. Олар «Қайратты» одан да мықты қылып жатыр. 

- Бәрі де Тимощук пен Аршавинді алаңда көреді. Олар киім ауыстыратын бөлмеде, алаңнан тыс уақытта қандай?

- Тимощук ардагерлердің ішінде жақын досым болатын. Қашан да бір-бірімізге қалжыңдап, күліп жүреміз. Бір жағынан, ол қашан да мені мазақ қылатын. Ал кейде өз кеңесін беріп жүреді. Командаға Аршавин келген кезде, ол бірден ашылған жоқ, бірақ қазір бәрі үшін де жақсы әріптес атанды. 

- Тимощук сізді қалай мазақ қылатын?

- Мен Кот-д’Ивуарданмын. Тимощук маған «сенің елің қайда, картадан таба алмай отырмын» дейтін. Мен Дидье Дрогба да Кот-д’Ивуардан екенін айтатынмын. Ол Дидье мен оның елін жақсы білетінін, бірақ менің елім «Кот-на-диване» деп аталады дейтін. Көбіне солай қалжыңдайды (күліп). 

- Тимощук мансабын аяқтады, енді бапкер болуы ықтимал. Бұл мамандық қолынан келеді деп ойлайсыз ба?

- Иә, себебі ол ғажайып ойыншы болды ғой. Футболды біледі және жақсы бапкер болады деп үміттенемін. Ол менің досым, әрқашан бір-бірімізге хабарлама жіберіп, сөйлесіп тұрамыз. Сондықтан, оның жаңа мансабы сәтті болғанын тілеймін. 

- Құрамада ойнағыңыз келетінін бірнеше рет айтқан едіңіз. Кот-д’Ивуар сіздің Қазақстандағы жетістіктеріңізді біле ме?

- Әрине, отанымда менің нәтижелерімді жақсы біледі. Бірақ ашығын айтайыш – құраманың бапкерлері Қазақстан чемпионатын ұлттық командада ойнау үшін жеткілікті деңгейде деп ойламайды. Біздің құрамада әлем бойынша кандидаттар көп – Франция, Испания, Англияда. Топ-лигадағы емес, Қазақстандағы ойыншыны шақыру өту қиын. 

-Жақында Қазақстан құрамасының жейдесін киюге дайын екеніңізді айтқан едіңіз...

- Мұнда жүргенімді екі жылдан асты, журналистер мен жанкүйерлер құрама туралы жиі сұрайды. Мен дайынмын, бірақ ол үшін құжатым болуы керек. Ал федерация маған ұсыныс жасауы тиіс. Жалпы айтқанда, федерация Қазақстанда ойнағанымды қаласа, мен дайынмын. 

- Былтырғы жылды «Қайрат» үшін қаншалықты сәтті деуге болады?

- Маусым жақсы өтті. Меніңше, «Қайрат» - Қазақстандағы ең үздік клуб. Бүгінде  «Астана» - чемпион, бірақ олар «Қайрат» үшін чемпион емес. Біз олармен төрт рет кездесіп, үшеуінде жеңіске жеттік. Өкінішке қарай, кубоктың финалында жеңіліп қалдық, бірақ ауа-райының кесірінен жол бердік – қар жауды, ал бізге комбинациялық футбол ыңғайлы, сол жағдайда өз ойынымызды көрсете алмадық. 

- Көптеген бапкерлермен жұмыс істедіңіз. Кахабер Цхададзе басқалардан несімен ерекшеленеді?

- Я бапкерлерді жақсы немесе жаман деп бөлмеймін. Маған мүмкіндік бергендерге алғыс айтамын және қарызымды голмен қайтаруға тырысамын. 

- Сіздің мансабыңызда жаттығу не киім ауыстыратын бөлмеде болған қызықты оқиға қандай?

- Бізде бір видео бар, бірақ мен оны журналистер көрсетпеймін және интернетке салмаймын. Бірде Исламбек Қуат ойыншық өрмекшіні менің сөмкемде қалдырып кетті. Киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, сөмкемді ашқанымда, мені ішінде өрмекші күтіп тұрды. Осы сәтті видеоға түсіріп алғысы келіп, барлық команда күтіп тұрған. Өте күлкілі болды. 

- Бауыржан Исламхан 23 жаста, команда капитаны болып үлгерді. Ол қай жерге дейін бара алады?

- Ол жақсы чемпионатта, үлкен клубта ойнай алады. Ол өте жас, бірақ «Қайраттың» капитаны болып үлгерді. Бұл үлкен жауапкершілік. Әлі де дами түседі деп үміттенемін. Оның бойында тамаша ойыншы атануы үшін керектінің бәрі бар. 

- «Астана» мен «Шахтер» УЕФА Чемпиондар лигасы және УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. «Қайратты» мұңдай деңгейде қашан күтеміз?

- Қазақстан мұндай деңгейде ойнап жатқанына қуанамын. Бұл ел үшін және бүкіл футбол үшін жақсы. Бізге келер болсақ, бәрі де мүмкін. Келесі маусымда топтық кезеңге жолдама аламыз еп үміттенеміз. Бұл команда үшін де, мансабымыз үшін де тамаша болар еді.

Жыл сайын еурокубоктарды осындай мақсатпен бастаймыз, бірақ түрлі қателердің кесірінен жеңіліп қаламыз. Біздің жолымыз ұзақ әрі қиын – іріктеудің төрт кезеңі бар. Осы маусымда тель-авивтік «Маккабиге» қарсы алғашқы матчта соңғы минуттарда, тіпті, соңғы секундтарда гол жіберіп алдық. Бірақ өмір осындай. Топтық кезеңге өту үшін жанымызды саламыз. 

Дереккөз: UEFA

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст