Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Жерар Гоу – Премьер-Лиганың үздік шабуылшысы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз-қызметі Instat компаниясының сараптамасы негізіндегі статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасалған материалдар сериясын жалғастырады. 

Компанияның статистикалық мәліметтеріне сай, үздік форвард атағын «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу алды. Мұнда есепке голдар мен нәтижелі пастар, соққылар мен оның дәлдігі, дәл берілген пастар саны, жеңіске жеткен жекпе-жектері және тағы да басқалары алынды. Ивуар шабуылшысы 29 матч (2 353 минут) өткізіп, 22 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Чемпионат бойы үздік бомбардир қарсылас қақпасына 96 соққы жасаған, оның тең жартысы қақпаға дәл барыпты. Пастарының дәлдігі 70 пайызды құрайды, ал жеңген жекпе-жектері - 34. 

Үздік үштікке Джордже Деспотович пен Деслей Уббинк енді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст