Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Ветераны

Аршавин — Prosports нұсқасы бойынша ҚПЛ-дің үздік ойыншысы

Prosports.kz журналистерінің арасындағы сауалнамада екінші орыннан аз ғана озып кетіп, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин жеңімпаз атанды. Бұл ойыншы көптеген мамандар мен жанкүйерлерге үлкен әсер қалдырды, сондықтан да Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысына таласта ресейліктің жеңуі ешқандай талас тудырмады. 

Еуропалық көлемдегі жұлдыз

«Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы және «Алтын допты» алуға бес қадам ғана жетпей қалған футболшы өз ойынымен жанкүйерлерді қуантып жүр. Өз жасына қарамастан, Андрей жоғары деңгейлі өнер көрсетіп, мансабын аяқтай беруге болады дегендерге өз жауабын қайтарды. Тіпті, маусымның соңғы матчында – Қазақстан кубогының финалында ол жапалақтап қар жауып, алаң ақ кілемге айналғанда да, Аршавин қарсыластарынан сытылып өтіп, түрлі пастар шығарумен болды. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы өз қызметін тамаша атқарып жүр – қорғаныс бөлігін бұзып өтеді, шабуылдар бастайды, қарсыластың қорғаушыларын өзіне қарай тарта түседі, сондай-ақ, қақпаға да соққы жасауды ұмытпайды. 

Футболсүйер қауым Қазақстанға жұлдыздың келуін көп күтті: Роналдиньо туралы бірінші сәуірдегі қалжыңдар, Дренте және тағы да басқалар туралы әңгімелер көп болды. Иә, бізде жоғары деңгейлі ойыншылар бұрын да болды – Егор Титов пен Андрей Тиханов, оның үстіне, Анатолий Тимощук те көптеген титулдарымен және «Баварияның» ойыншысы болғанымен мақтана алады. Бұл спортшылар жәй ғана келіп-кеткен жоқ – Тиханов бір-екі рекорд жасап кетті, Ал «Т-44» нағыз кәсібилікті көрсете алды. 

Алайда Шава ойынының әсерлілігі арқасында, сондай-ақ, шыны керек, пиардың арқасында бәрін өзіне қарата алды. Бірақ ресейлік ойыншы көп сөйлемейді, бірақ журналистерден де тығылып жүрмейді. Былтырғы жылы берген сұхбаттары соңғы үш жылдағыдан көп шығар. Сондай-ақ, қайраттық ойыншы өз отанында да назар аударта алды. Маусым бойы ғаламторда Аршавин туралы жазылған көптеген мақалаларды табуға болады және олардың басым бөлігі оны мақтап жатады. Тіпті, мықты басылымдардың өздері аңызға айналған жартылай қорғаушыны құрамаға қайта шақыру туралы сөз көтере бастады. Сондай-ақ, жақында Transfermarkt.de жақында салыстырмалы статистика келтірген болатын. Нәтижесінде ресейлік жартылай қорғаушы «Арсеналда» ойнап жүрген кезінде «зеңбірекшілердің» қазіргі ойыншысы Месут Озилден пайдалырақ болған. 

Артық сөз жоқ, тек қана футбол

Аз ғана уақыттың ішінде Андрей һх қалпына қайта оралды, голдар соға бастады және отандық футболдың көрермендерін өзіне сүйсіне қаратты. «Орталықтың» жанкүйерлері ресейліктің аты-жөнін айтып айқайлады. Ал ең бастысы, оның есімі үшін басқа да стадиондар жинала бастады. 

Қазақстанға дейін 35 жастағы футболшы соңғы ресми матчын 2015 жылдың 28 қазанында өткізген болатын, ол кезде Ресей кубогында алаңға шығып, 12 минут ойнаған еді. Келесі ойын жарты жылдан кейін ғана болды. Бұл жолы Шава 90 минут бойы алаңда ойнады. Оралда өткен дебюттік матчында трибунада және оның сыртында жанкүйерлер толы болды. Сол кезден бері екі ойынды ғана жіберіп алды, оның бірі сары қағаздың кесірінен болды. 

Ойыншы аз уақыттың ішінде қалпына келіп, «Қайратта» үздік пас беруші атанды, ал чемпионатта бұл тұрғыда төртінші орын алды. Голдарының әдемілігін де айта кету керек: «Ақтөбе» (28-ші тур) қақпасына жасалған жойқын соққы мен «Тараз» (22-ші тур) қақпасына салған тамаша голы. 

Аршавиннің келуін сынға алғандар көп болды, соның кесірінен біреулер өз шаштарынан да айырылып қалды. Басында  оның жаңа командасындағы жалақысын сөз ететіндер болды, бірақ аз уақыттан соң сол сыншылар келісім-шарттағы нөлдерді ұмытып кетті, себебі ойыншы оған лайықты болған еді. 

Бір қызығы, бұл оның Қазақстандағы алғашқы ғана жылы болатын, бірақ бұл жылда ол жанкүйерлерінің көңілін қалдырмады. Келесі маусымда жанкүйерлердің талаптары жоғары болады, ал Шава ол талаптарды оңай орындауы да мүмкін. 

 

Құжаттама

Аршавин Андрей Сергеевич

35 жаста, 172 см

Клуб: «Қайрат»

Азаматтығы: Ресей

Позициясы: сол және оң қапталдағы жартылай қорғаушы

28 матч, 8 гол, 7 нәтижелі пас, 5 сары қағаз, 1991 минут, 3 рет алаңға екінші таймда шықты, 19 рет өз орнын әріптесіне босатты

 

Жетістіктері

Командалық

«Зенит»:

Ресей чемпионы (3): 2007, 2011/12, 2014/15

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2003, 2013/14

Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 2001

Премьер-лига кубогының иегері: 2003

Ресей Суперкубогының иегері: 2008

УЕФА Кубогының иегері: 2007/08

УЕФА Суперкубогының иегері: 2008

«Қайрат»:

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2016

Ресей құрамасы:

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2008

Жеке жетістіктері

2005—2006 — «Зенит» ФК үздік сұрмергені

2006 — Ресей футбол одағының нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы

2008 — УЕФА Кубогы финалдық матчының үздік ойыншысы

2008 — УЕФА нұсқасы бойынша Еуропа чемпионатының символикалық құрам мүшесі

2008 — Жыл қорытындысы бойынша «Алтын доп» жүлдесіне үміткер (6-шы орын)

2009 — Ағылшын Премьер-лигасының ай ойыншысы: сәуір

2012 — Еуропа чемпионатының үздік ассистенті 

Сөзбе-сөз

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе:

- Менің Шавадан күткенім 100 пайызға ақталды. Ол нағыз жұлдыз және мен онымен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Оның жұмысына, футбол деңгейіне алғыс айтамын. Шава тұрақты және пайдалы ойнайды. 

Андрей Аршавин Қазақстанның ойыны мен Ресей құрамасына шақырылуы жайлы:

- Өз-өзімді шақыра алмаймын. Нағыз кәсіпқой спортшы ретінде қолымнан келетіні – жақсы ойын көрсету. Менің жағдайымда, бұл футбол, команда үшін пайдалы ойнап, гол соғуым керек. Мен тырысып жүрмін, бірақ құрама туралы емес, футбол туралы ойлау керек.  

«Динамоның» шабуылшысы Павел Погребняк:

- Оның жасына дейін ойнап, солай қажет болсақ қой. Андрей үлкен кәсіби адам, жақсы деңгейде ойнап, көп гол соғу қолынан келеді. Жалпы, ол өзін әлі де жақсы жағынан көрсетіп жүр. Жарайсың, ол үшін қуаныштымын. 

Сандар

4 – Андрей Аршавин соққан 8 голдың 4-еуі жеңісті болды

3 – Аршавин «Ақтөбеге» қарсы төрт ойында үш гол соқты, сондай-ақ, Андрей екі нәтижелі пас берді

35 – Аршавин ҚПЛ ойыншыларының ішінде жасы бойынша 10-шы орында

Дереккөз: Prosports.kz

Автор: Руслан Сагиев

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст