Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Ғафуржан Сүйімбаев: «Маңыздысы, жеңіске жеттік»

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Премьер-лиганың бірінші турындағы «Ақтөбеге» (1:0) қарсы ойын туралы пікірін айтты.

- Маусымның басы командалар үшін қашан да қиын. Оның үстіне, біз бәріміз өз эмоцияларымызды «Астанаға» қарсы ойында қалдырып, чемпионаттың алғашқы матчына дайындалу қиындау болды. Ойын оңай болған жоқ. Ең маңыздысы, маусымның басында жеңіске жеттік.

- Қарсылас қалай ойнады, ойлағандарыңыз іске асты ма?

- «Ақтөбе» сауатты қорғанды. Олардың қорғанысынан өту қиын болды. Бірақ біз стандарттан гол соға алдық.

- Команданың жаңа ойыншыларымен түсіністік бар ма?

- Тез тіл табысып кеттік. Өзара түсінісу бойынша қиындық жоқ.

Автор: Әлішер Абдулин,

prosports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст