Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Қайраттықтар - «Үздік легионер» атағына үміткер

Vesti.kz спорт сайтының редакциясы ҚПЛ-2016 қорытындысы бойынша ТОП-7 шетелдік ойыншыларды ұсынды.

Маусымның үздік легионерлерінің тізіміне Жарко Маркович, Андрей Аршавин және Жерар Гоу енді. Назарларыңызға спорт сайтының текстінен үзінді ұсынамыз:

Жарко Маркович
Марин Аничич секілді «Қайраттың» бұл қорғаушысына да премьер-лиганың үздік шетелдік футболшысы атану қиынға соғады. Бірақ оны чемпионаттағы ең үздік орталық қорғаушы деп атауға болады. Серб өз мүмкіндігін көрсете алмаған ойын әзірше бола қойған жоқ. Керісінше, қашан да беріле ойнап, қажет кезінде шабуылға да араласып тұрды, қарсыластың қақпасына қысым жасап тұрады. Осы чемпионатта өзінің екі голын соғып үлгерді. Әсіресе, 16-тур аясында «Ордабасыға» қарсы матчта соққан голын маңызды деуге болады. Матч барысында қайраттықар 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Алдымен Жерар Гоу есеп айырмасын қысқартса, артынша Жарко Маркович он мыңға жуық жанкүйерлерінің алдында жеңілістен құтқарып қалды. Сондай-ақ, оның еншісінде бір нәтижелі пас бар. Оның үстіне, қорғаушының клубпен келісім-шартын тағы екі жылға созғаны бұл сербиялық легионердің жоғары біліктілігіне дәлел бола алады.

Андрей Аршавин
Ресейлік легионер алматылық клубта осындай нәтиже көрсететініне сенгендер аз болған шығар. Оның дебюті үшінші турда болған, қайраттықтар сырт алаңда «Ақжайықтан» жеңіліп қалды - 1:2. Артынша Аршавинді «Қайратқа» Александр Бородюк командадан кетіп қалды. «Зениттің» бұрынғы ойыншысы матчты толық өткізе алмай жүрді, бірақ оған сенім арта берді, нәтижесінде аз уақыттан соң ол «Қайраттың» шешуші ойыншыларының біріне айналды. Оның әр пасында жоғары біліктілік көрініп тұрды. Маңыздысы, ол өз ойынымен жанкүйерлердің махаббаты мен құрметіне ие болды. 27 матчта ол сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Оның үстіне, кейбір голдары жоғары деңгейде соғылды. Сондықтан, «Қайрат» Аршавинді қатарына қосу арқылы маркетингілік тұрғыда ғана емес, ойын тұрғысында да күшейді.

Жерар Гоу
Былтыр ҚКФЛ ивуар шабуылшысын 2015 жылдың үздік футболшысы деп таныған болатын. Сол маусымда Гоу 22 голмен чемпионаттың үздік сұрмергені атанған еді. «Қайраттың» шабуылшысы биылғы жылы да сұрмергендер жарысында жеңімпаз атануға жақын. Бүгінде оның еншісінде 21 гол бар, екінші орында келе жатқан «Ертістің» шабуылшысы Роман Мұртазаевтан үш голға озып келеді. Бұл теке-тірестің ерекшелігі ивуар ойыншысы барлық голын ойыннан соқса, Мұртазаев 18 голдың екеуін пенальтиден салған. Гоу өз мүмкіндіктерін сирек жібереді, соның арқасында ол биылғы жылдың қорытындысы бойынша номинациялардың бірінде үздік атанатын шығар. 

Автор: Руслан Ошуров

Дереккөз: Vesti.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст