Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Акмаль Бақтияров: «Зальцбургпен» жекпе-жек қиын болады»

«Қайрат U-19» шабуылшысы тбилисилік «Динамоға» қарсы матчтың нәтижесі жайлы пікірін айтты.

- Өте нашар бастадық. Қорғаныс арқылы ойнағымыз келді. Қарсыласқа көп жүгіруге тура келді, біз де белсенді ойнадық. Өкінішке қарай, гол жіберіп алдық, дегенмен артынша кездесу тағдырын өзгерте алдық. Қарсыласты қарымта шабуылдардан ұстадыө - нәтиже 5:1.

- Грузия чемпиондарын 8:1 есебімен жеңдіңдер. Көп емес пе?

- (Күліп). Бапкеріміздің тактикасы рөл атқарды. Енді келесі қарсыласқа дайындаламыз, босаңсуға болмайды. Зальцбургтік «Реад Буллді» әлі зерттеген жоқпыз. Күрес ауыр болады деп ойлаймын.

- Матчта негізгі команданың өкілдері отырды: бас бапкер Кахабер Цхададзе өз көмекшісімен және қорғаушы Жарко Маркович. Бұл қосымша жігер берген шығар?

- Шынымды айтсам, олардың матчта болғанын білген де жоқпын. Кейін ғана көрдім. Эмоцияда тұрып олармен амандастым, тек жеңіс туралы, келесі кезеңге өткеніміз туралы ғана ойладым, олардың бізді бақылағанын білмедім.

- Бүгінде футболдан алыстан кеткен кейбір қазақстандық футболшылардың тағдырын қайталамау үшін не істеу керектігін білесің бе?

- Менменсіп кетпеу керек. Кішкентай табыстар болса да, тер төгіп жұмыс істеп, берілмеу қажет.

Автор: Артем Кравченко

ДереккөзProsportkz.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст