Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Алты ойыншы - тур құрамында

«Қайраттың» ойыншылары өткен турда символикалық құрамның басым бөлігін құрады.

Қақпашы:
Стас Покатилов («Қайрат»)

Еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» секілді қарсыласпен матчта бұл голкипер өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Тіпті, оның қақпасына он бір метрлік айып соққысы белгіленгенде де, Стас сыр бермеді.

Оң қанаттағы қорғаушы:
Станислав Лунин («Қайрат»)

Оның командасы үшін маңызды саналған екі елорданың матчында Станислав өте сенімді өнер көрсетті.

Орталық қорғаушылар:
Сесар Арсо («Қайрат»)

Өткен жексенбіде Алматыдағы испаниялық қорғаушы өз өнерімен көзге түсті. Сесар қарсылас қақпасына да гол соғып, «Астанамен» ойында есеп ашқан болатын.

Сол қанаттағы қорғаушы:
Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»)

Әдеттегідей бұл  футболшы алматылық ұжымның қорғаныс бөлігіндегі сол қанатта жақсы ойнады. Ғафуржан қорғаныста ғана жұмыс істемей, өз командасының шабуылына да араласып тұрды.

Оң қанаттағы жартылай қорғаушы:
Исаэль («Қайрат»)

Алматылық команданың бұл ойыншысы алаңда белсенділігімен көзге түсті. Исаэль алаңда жиі қозғалып, елордалық қонақтардың қорғаныс шебіне үлкен қауіп төндіріп ойнады.

Орталық жартылай қорғаушылар:
Исламбек Қуат («Қайрат»)
Жексенбіде оның ойыны жақсы әсерде қалдырды. Ол бір мәрте қанжығасын да майлаған еді, бірақ әңгіме мұнда емес. Исламбек өз командасына көбірек пайда тигізудің амалын іздеумен болды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст