Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Андрей Аршавин: «Ең маңызды ойын 5 қарашада өтеді»

«Қайрат» ФК ойыншысы «Оқжетпеске» қарсы матчты туралы пікірін айтты:

- Чемпиондықтан қашан қол үзіп алғанымызды айтар болсақ, шынымды айтсам, чемпиондықты жеңіп алу мүмкіндігін бұрын жоғалтып алдық. Жазда-ақ оны жасау өте қиын болатыны түсінікті еді. Жалпы, чемпионатты алар болсақ, біз жаұсы футбол көрсеттік, көп гол соқтық, бірақ кей матчтарда қорғаныста ойнадық, бірақ чемпионат болатындай емес.

- «Оқжетпеске» қарсы матч чемпионаттың соңғы ойыны болды. Өзіңізге жігерді қайдан алдыңыз?

- Жәй ғана алаңға шығып, жеңіске жетуге мүмкіндік беретін өз футболымызды ойнау, бірақ бірінші гол бізді босаңсытып тастады, себебі өте жылдам соқтық. Бірақ екі голдан кейін екі команданың да ойыны аяқталды, бізге де гол салу оңай болды.

- Қазақстан Кубогында жеңіске жету үшін «Қайрат» үшін ерекше жетістік болмайтынын айтқансыз, бірақ бұл трофей қуаныш әкелетін шығар?

- Әрине, ең маңызды ойын 5 қарашада өтеді, себебі футболға шыға алмай қалсақ, бұл нағыз трагедия болатын шығар. Сондықтан дұрыстап дайындаламыз, өте ауыр апта болмақ.

- Жақында ғана Александр Кержаковты «Қайратта» көргіңіз келетінін айтқансыз, демек, сіз клубта қаласыз ғой?

- Жоқ, олай емес. Екеуінің бір-біріне қатысы жоқ (күліп).

- Бірақ онымен осындай ойнағыз келе ме?

- Ол жерде басқаша сұрақ болды, ал жауап та сол сұраққа байланысты қайтарылды (күліп).

- Құпия емес шығар, келіссөз қашан басталады - «Қайратта» қала бересіз бе?

- Меніңше, келіссөз болмайды. Жәй ғана отырамыз да, президентпен бір-екі ауыз сөйлесеміз. Ол жерде келіссөз болмайды. Егер ниетіміз бірдей болмай, жұмысты жалғастырамыз, жоқ болса, жоқ.

- Бүгінде Қазақстан футбол федерациясының президенттік орны бос тұрғанын ескерсек, басқарушы рөлінде жұмыс істегіңіз келмей ме?

- Келеді, бірақ футболды басқару емес, жәй ғана футболдың маңында болсам, жеткілікті. Әкімшілік қызмет атқару секілді. Бірақ үлкен қызметтерге әлі дайын емеспін деп ойлаймын. Футболды лайықты басқара алатын адам Қазақстанда табылады.

- Кәсіпқой мансабыңызды «Қайратта» аяқтау ойыңызда бар ма?

- Егер бұған шынайы көзбен қарайтын болсақ, соңғы кәсіпқой матчымды осы «Қайратта» ойнау мүмкіндігі өте жоғары.

Автор: Артем Кравченко

Дереккөз: Prosportkz.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст