Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Андрей Аршавин - қыркүйектің үздік ойыншысы

Республикалық спорт порталы кезекті сауалнаманы қорытындылады.

Қырық жетінші сауалнамаға Премьер-лигадағы барлық клубтың бас бапкерлері мен 12 футболшы қатысты. Тек «Ақтөбенің» бас бапкері Юрий Уткульбаев қатысқан жоқ. «Атыраудың» болгариялық бапкері Стойчо Младеновты оның көмекшісі Қуаныш Қабдолов ауыстырды.

Әр респондент өз пікірі бойынша Қазақстан чемпионатына қатысушы барлық ойыншылардың ішінен үздік үш футболшы атады. Бірінші орын үшін футболшы үш ұпай, екінші орынға – екі, үшіншіге бір ұпай еншілейді. Бұл сауалнамада 34 футболшының тегі аталды (өткен айда 33 футболшы).

Сонымен, қыркүйек айында алматылық «Қайраттың» 35 жастағы ресейлік шабуылшысы Андрей Аршавин үздік атанды. Чемпионаттың қыркүйекте өткен үш  матчтың бәрінде де «Қайрат» жеңіске жетті, ал Аршавин екі голдың авторы атанып, осы чемпионаттағы голдарының санын сегізге дейін жеткізді. Сондай-ақ, оның клубы ел кубогының алғашқы жартылай финалдық матчында «Атырауды» жеңді. Аршавиннің еншісінде 23 ұпай бар. Андрей осымен екінші рет айдың үздік ойыншысы атанып отыр.

Екінші орынды «Қайраттың» капитаны, 23 жастағы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан алды. Қыркүйектегі үш ойында Исламхан екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бір гол мен үш нәтижелі пасты ел чемпионы «Астанаға» қарсы сырт алаңда өткен матчты жасады. Оның еншісінде 18 ұпай бар.

Үшінші орынды «Ертістің» 23 жастағы шабуылшысы Роман Мұртазаев түйіндейді. Қыркүйектегі үш кездесуде ол үш гол соқты және 15 голмен Жерар Гоудың ізін қуып келеді. Сондай-ақ, ол ел кубогының жартылай финалдық матчында гол соқты. Ол 11 ұпай еншіледі.

Үздік үш легионер төмендегідей: 1. Андрей Аршавин (Ресей). 2. Карлуш Фонсека (Португалия). 3. Александр Гейнрих (Өзбекстан). 
Лимитшілер үздігі1. —. 2. —. 3. —. 
Қақпашылар үздігі: 1. Алмат Бекбаев. 2. Александр Григоренко. 3-4. Ненад Эрич. 3-4. Саша Стаменкович.

Кім кімге дауыс берді:

«Астана»
Станимир Стойлов — Исламхан, Смақов, Ахметов 
Азат Нұрғалиев — Мұжықов, Максимович, Исламхан

«Қайрат»
Кахабер Цхададзе — Аршавин, Исламхан, Қуат
Тимур Рудосельский — Бочаров, Фонсека, Симчевич

«Ертіс»
Димитар Димитров — Аршавин, Тимощук, Смақов
Антон Цирин — Фонсека, Аршавин, Бекбаев

«Ордабасы»
Бақтияр Байсейітов — Гейнрих, Сүйімбаев, Нұрғалиев
Александр Гейнрих — Хижниченко, Бекбаев, Шомко

«Оқжетпес»
Владимир Мұханов — Аршавин, Фонсека, Стаменкович
Ильнур Мангуткин — Мұртазаев, Исламхан, Молдақараев

«Ақтөбе»
Юрий Уткульбаев — 
Дидар Жалмұқан — Цвейба, Бочаров, Сорокин

«Тобол»
Омари Тетрадзе — Жұмасқалиев, Исламхан, Хижниченко
Томаш Шимкович — Хижниченко, Главина, Дяк

«Атырау»
Қуаныш Қабдулов — Гейнрих, Аршавин, Нұрғалиев
Руслан Эсатов — Аршавин, Исламхан, Кабананга

«Шахтёр»
Алексей Ерёменко — Сзоке, Аршавин, Эрич
Евгений Тарасов — Мұртазаев, Каньяс, Горячий

«Жетісу»
Алмас Құлшынбаев — Байжанов, Исламхан, Хижниченко
Берік Шаихов — Аршавин, Фонсека, Исламхан

«Ақжайық»
Вахид Масудов — Мұртазаев, Аршавин, Гейнрих
Денис Төлебаев — Қуат, Мұртазаев, Лечич

«Тараз»
Юрий Максимов — Мане, Григоренко, Тәжімбетов
Александр Киров — Исламхан, Хижниченко, Шомко

 

Дауыс беру нәтижесі:
1. Андрей Аршавин (Ресей) «Қайрат» — 23 (5,4,-) 
2. Бауыржан Исламхан «Қайрат» — 18 (2,5,2)
3. Роман Мұртазаев «Ертіс» — 11 (3,1,-) 
4. Сергей Хижниченко «Тобол» — 10 (2,1,2)
5. Карлуш Фонсека (Португалия) «Ертіс» — 9 (1,3,-) 
6. Александр Гейнрих (Өзбекстан) «Ордабасы» — 7 (2,-,1)
7. Никита Бочаров (Ресей) «Ақтөбе» — 5 (1,1,-) 
8. Исламбек Қуат «Қайрат» — 4 (1,-,1)
9-14. Нурбол Жұмасқалиев «Тобол» — 3 (1,-,-) 
9-14. Сандро Цвейба (Ресей) «Ақтөбе» — 3 (1,-,-) 
9-14. Юлиус Сзоке (Словакия) «Шахтёр» — 3 (1,-,-) 
9-14. Мақсат Байжанов «Шахтёр» — 3 (1,-,-) 
9-14. Малик Мане (Сенегал) «Тараз» — 3 (1,-,-) 
9-14. Серікжан Мұжықов «Астана» — 3 (1,-,-) 
15-16. Алмат Бекбаев «Ордабасы» — 3 (-,-,1)
15-16. Самат Смақов «Ордабасы» — 3 (-,-,1)
17-22. Анатолий Тимощук (Украина) «Қайрат» — 2 (-,1,-) 
17-22. Ғафуржан Сүйімбаев «Қайрат» — 2 (-,1,-) 
17-22. Денис Главина (Хорватия) «Тобол» — 2 (-,1,-) 
17-22. Рохер Каньяс (Колумбия) «Астана» — 2 (-,1,-) 
17-22. Александр Григоренко «Тараз» — 2 (-,1,-) 
17-22. Неманья Максимович (Сербия) «Астана» — 2 (-,1,-) 
23-24. Азат Нұрғалиев «Астана» — 2 (-,-,2)
23-24. Дмитрий Шомко «Астана» — 2 (-,-,2)
25-34. Александр Симчевич (Сербия) «Ордабасы» — 1 (-,-,1)
25-34. Чиприан Дяк (Румыния) «Тобол» — 1 (-,-,1)
25-34. Егор Сорокин (Ресей) «Ақтөбе» — 1 (-,-,1)
25-34. Джуниор Кабананга (ДР Конго) «Астана» — 1 (-,-,1)
25-34. Ненад Эрич «Астана» — 1 (-,-,1)
25-34. Евгений Горячий «Шахтёр» — 1 (-,-,1)
25-34. Мирослав Лечич (Сербия) «Акжайык» — 1 (-,-,1)
25-34. Дәуренбек Тәжімбетов «Тараз» — 1 (-,-,1)
25-34. Елдос Ахметов «Ертіс» — 1 (-,-,1)
25-34. Саша Стаменкович (Сербия) «Оқжетпес» — 1 (-,-,1)
25-34. Жасұлан Молдақараев «Оқжетпес» — 1 (-,-,1). 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст