Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Аршавин — жыл трансфері

Жыл трансфері – Аршавин («Қайрат») 

2016 жылғы маусымның басындағы ең басты оқиға Андрей Аршавиннің алматылық «Қайратқа» ауысуы болды. «Халық командасының» жұлдызды ойыншысы ақпанның аяғында еркін агент ретінде Алматыға келген. Алайда онымен келісім-шарт 18 наурызда ғана қойылды. Осы уақытқа дейін Аршавин клубпен бірге болып, өз қалпына келе бастады.

 «Зенит», лондондық «Арсеналдың», «Кубань» мен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысының келуі алматылық клуб үшін ғана емес, еліміздің футбол қоғамы үшін де үлкен пиар болды дей аламыз. Басында Аршавинге қатысты ақпараттардың бәрі де сыни немесе ирониялық пікір туғызған болатын. Ал Александр Бородюк қызметінен босаған соң Аршавиннің «Қайраттан» кететіні туралы, тіпті, мансабын аяқтайтыны жайлы ақпараттар көбейіп кетті. Артынша ресейлік өз қалпына келген соң бәрі өзгеріп, Кахабер Цхададзе құраған жаңа команданың негізгі құрамынан табылды. Нәтижесінде Аршавин «Қайрат» сапында 11 гол соғып, өзінің сыншыларына жауабын берді. Ресейлік ойыншы ел чемпионатында сегіз рет гол соқса, Еуропа лигасында екі рет және Қазақстан кубогында бір рет қанжығасын майлады. Ал оның «Таразға» соққан голы ғаламторды жарып жіберді. Аршавин чемпионаттағы сегізінші голын соққан соң қазақстандық тележүргізуші Петр Воливоктың шашын тақырлатып алып тастады. Ол маусымның басында Андрейдің сегіз гол соға алмайтынына сенімді болған еді.

Дереккөз: Prosports

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст