Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Артем Попов: «Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық»

«Қайрат U-19» шабуылшысы тбилисилік «Динамоға» қарсы матчтың нәтижесі жайлы пікірімен бөлісті:

- Матч ауыр болды, әсіресе басында. Олар бірден алға ұмтылып, бізге гол соғып кетті. Артынша кей сәттерді біздің қателіктерді кешірді. Өкінішке қарай, екінші таймда таразы басын теңестіре алдық. Сол сәтте ойын қарқынын өзгерттік дп ойлаймын. Олар алға ұмтылып, қорғаныста сақ ойнауды ұмытты, нәтижесінде шабуылда бос аймақ көп бола бастады. Осының арқасында, ірі есеппен жеңіске қол жеткіздік.

- Бірінші ойыннан кейін «Қайраттың» «Динамодан» әлдеқайда мықты екенін көргендей едік, алайда, Алматыда қарсыластарың басымдықты қолдарына алып, бірінші таймда жекпе-жектің ортақ есебін теңестіріп тастауға жақын болды. Бұл неге байланысты?

- Меніңше, бұл психологияға қатысты сұрақ. Олар 0:3-тен кейін ештеңені жоғалтпайтын еді, ал бізден бәрі оңай жеңіс күтсе керек. Сонда да, басында қиын болғанына қарамастан, қысымға төтеп беріп, басымдықты өз қолымызға алдық. Бұл кеште айымыз оңынан болды деуге болады. Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық. 

- Өз голыңды есіңе түсірші.

 - Акмальдан (Акмаль Бақтияров - «PROСПОРТ») тамаша пас алдым. Ол жақсы пас берді, мен жақсы қабылдап алдым да, соққы жасадым.

Автор: Әлішер Абдулин

Дереккөз: Prosportkz.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст