Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Бағдәулет Жүзбай – сұрмергендердің үздігі

ҚКФЛ Екінші лиганың үздік сұрмергендерімен таныстырады.

 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Екінші лигада ең көп гол соққан ойыншылар арасында қорытынды жасады. Бірінші орынды «Қайрат Ж» шабуылшысы Бағдәулет Жүзбай еншіледі. Екінші орында – Дәурет Қайқыбасов («Алтай») және үздік үштікті Темірлан Әміров (СДЮШОР №7) түйіндейді. Назарларыңызға сайттағы тексттің үзіндісін ұсынамыз:

 

Бағдәулет Жүзбай, 19 жаста («Қайрат Ж») – 20 гол

 

Өткен маусымның үздік сұрмергені болып алматылық «Қайрат» жастар командасының 19 жасар шабуылшысы Бақдәулет Жүзбай атанды. Шабуылшы маусым қорытындысында 20 гол соқты.

Бақдәулеттің бойы ұзын емес (175 см) және де жылдамғы жоғары депте айтуға келмейді, бірақ ол өзінде пайда болған мүмкіндіктерін жібермейді. «Қайрат» футбол клубының жас түлегі екі аяқпенде жақсы ойнайды. Жүзбай – тек қана гол салып қоймай, нәтижелі пас бере алатын ойыншылардың бірі. Ол - көшбасшылық қасиеттері бар, дриблингі жоғары шабуылшы. Сондай-ақ, Жүзбай – ерекше адам, оның жас болғанына қарамастан, ойыншының қолында татуировка бар. Футболшы денесіндегі әдемі суреттермен ғана емес, алаңдағы керемет ойынымен де ерекшеленгенді жақсы көреді.

 

Қызықты факт: өткен Екінші Лигадағы маусым бұл ойыншы үшін мансабындағы алғаш маусым болды. Бұған дейін шабуылшы тек «Қайраттың» 1998 жылы туған жастар командасында ойнаған. Бірақ, ол ойыншының жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында ойнаған кішігірім тәжірибесі бар.

 

Жүзбайдың 20 голы «Жетісу Ж», «Қайсар Ж» (алты гол), «Ертіс Ж» (екі рет), «Ақжайық Ж», «Тараз Ж», «Рузаевка» (екі рет), «Ақтөбе Ж», «Атырау Ж» (екі рет), «Астана Ж» (үш рет) және СДЮШОР №7 сияқты командалардың қақпасында болған.

 

Сонымен қатар, Бақдәулет пента-трик авторы да атанып көрді. Өзінің бес добын ол «Қайсар» жастар командасының қақпасына салды (8 тур, есеп - 0:9). Қызылордалық құрдастарына қарсы қарымта матчта Жүзбай тағы бір гол соққанын ескерсек, «Қайраттың» форвардынан ең көп гол жіберген «Қайсардың» жас қақпашылары деуге болады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст