Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Бес қайраттық – «2017 жылдың үздік футболшысы» атағына үміткер

Vesti.kz сайты сауалнама жүргізіп жатыр.

 

Үздік кандидаттар тізіміне алматылық «Қайраттың» бірден бес ойыншысы енді: Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Бауыржан Исламхан, Ғафуржан Сүйімбаев және Исламбек Қуат. Сондай-ақ, тізім «сары-қара» түстілердің бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоумен басталды. Спорт порталы өз таңдауын былай түсіндірген:

 

Андрей Аршавин

25 ойын, 7+10

 

Ресейлік футболшының ойынына шынайы баға беру үшін эпитеттердің ешқайсысы да жетпейді. Шынын айтсақ, ол ҚПЛ-да жақсы ойнап кетеді дегенге сену қиын болған. Алайда ол еңбек етсең, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын дәлелдеді. Нәтижесінде, ол гол соғып қана қоймай, нәтижелі пас беріп жүр. Маусым біткен соң, алматылық клубтың жас легионерлері кетіп қалса да, ол келісім-шартын ұзартқаны таңғаларлық жағдай емес.

 

Исаэль

32 ойын, 8+14

 

Бразилиялық ойыншы «Қайратта» кез келген бапкер кезінде ойнайды. Себебі оның техникалық арсеналы мықты. Бұл тұрғыда оған тек Аршавин ғана бәсекелес болуы мүмкін. Сонымен қатар, бразилиялық ойыншы кезде 70 пайыз мүмкіндігін ғана көрсетеді, бұл кездесудің тағдырын шешіп, команданың үздік ойыншысы атануына кедергі болмайды.

 

Бауыржан Исламхан

27 ойын, 11+8

 

Тараздық футболдың түлегі көп сынға ұшырады, себебі ол биыл көрсеткен ойынынан әлдеқайда жақсы өнер көрсете алады. Кейбірі үшін ол әлі еліміздің үздік футболшысы саналады. Неге болмасқа? Қазақстан құрамасының шабуылшыларынан көп гол соқты ғой. Оның үстіне, нәтижелі пас беруді де ұмытпады.

 

Ғафуржан Сүйімбаев

32 матч, 2+4

 

«Қайраттың» ардагерлері бұл ойыншының келгеніне әлі қуанып жүр. Осындай баға алу – көптің қолынан келмейтін іс. Оның ұлттық құрама мен алматылықтар қорғанысында шешуші ойыншы болғаны бекер емес.

 

Исламбек Қуат

30 ойын, 1+3

 

Ол қайраттықтарың жүйесін реттейтін ойыншы деуге келмес. Алайда артқы аймақта ол өз жұмысын толық атқарады, соның кесірінен, былтырғы маусыммен салыстырғанда, жиі гол соға алмады. Есесіне 11 рет ескерту алған. Маңыздысы, нашар ойнаған жоқ.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст