Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Бес қайраттық - жыл легионерлері

Республикалық Sports.kz спорт порталы ел чемпионатының шетелдік футболшылардан құрылған символикалық құрамын жасады.

Бұл тізімге бірден бес қайраттық енді – Жарко Маркович, Сесар Арзо, Анатолий Тимощук, Андрей Аршавин және Жерар Гоу.

Орталық қорғаушылар:
Сесар Арсо («Қайрат»)
Жарко Маркович («Қайрат»)

Бұл қос орталық қорғаушы маусымды жақсы өткізді. Испаниялық, дәлірек айтқанда, жарты маусым оянады, себебі Сесар алматылықтар сапына жазда келген болатын. Жаркоға келер болсақ, бұл ойыншының шеберлігі бізге бұрыннан белгілі. 2016 жылы олар өз ұжымдарының нағыз көшбасшыларына айналды, бұл футболшылардың беріле ойнауына еш сын жоқ.

Орталық жартылай қорғаушылар:
Анатолий Тимощук («Қайрат»)

Кез келген команданың ойынында үлкен рөлге ие болатын орталық жартылай қорғаушылардың ішінде бұл футболшыны атамай өту өте қиын. Еліміздің өткен чемпионатында ол үлкен көлемде жұмыс атқарды, ол қарсыластың шабуылын тоқтатуда ғана емес, өз командасының шабуылдарын бастауда да жемісті ойнады. Команданың ойыны осы футболшы арқылы жүрді деуге болады.

Сол қапталдағы жартылай қорғаушы:
Андрей Аршавин («Қайрат»)

Ресейлік жұлдыздың бұл позициядағы қарсыласы өте мықты болды - «Тараз» ойыншысы Малик Мане. Дегенмен, жеке және командалық жетістіктерді қоса отырып, символикалық құрамға Андрейді қосуды жөн көрдік. Әрине, Аршавин «таза» қапталдағы жартылай қорғаушы емес, бірақ ол алаңда көбіне сол қанатта ойнайды. Сондықтан оған осы қанаттан орын берілді.

Шабуылшылар:
Жерар Гоу («Қайрат»)

Жерар - ҚПЛ-2016 үздік сұрмергені, осылай тоқтата салуға олады. Әрне, ол өзінде болатын мүмкіндіктерді сәттірек қолданғанда, Қазақстандағы барлық бомбардирлік рекордтарды бұза алатын еді... Әйтсе де, Гоу - өте шебер ойыншы.

Дереккөз: Sports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст