Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Исаэль Барбоза – легионерлер ішінде екінші

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Instat мағлұматтарына сүйене отырып, үздік шетелдік ойыншылардың рейтингісін жасақтады. 

Алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза үздік үштіктен орын алды, оған бірінші орын үшін сәл ғана жетпей қалды. 

Исаэль да Силва Барбоса (Бразилия), «Қайрат», оң қапталдағы жартылай қорғаушы

Instat Index – 215

Маусымдағы үздік матчы: 13.08.2016 Оқжетпес – Қайрат 1:3 (Instat Index – 298)

Позициядағы бәсекелесі: Твумаси (Астана)

Кестені жылдам қарап шықсаңыз, рейтингіде Исаэльдің Твумасиге қарағанда неліктен жоғары орын алғанын түсінуге болады. Бразилиялық футболшы барлық негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша үздік болып тұр. Ол бір матчта көп пас береді және оны дәл жасайды, жиі және сәтті алдап өте алады, қарсыласпен жиі күреске түседі және оның тең жартысында жеңіске жетеді, сондай-ақ, допты да сирек жоғалтады. Исаэль (және Аршавин, әрине!) секілді көмекшілері болғандықтан, Жерар Гоудың Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атануы таңқаларлық емес. 

Айта кетейік, рейтингінің көшбасында Рохер Каньяс орын алды, ал үшінші орынды елордалық команданың тағы бір футболшысы Марин Аничич еншіледі.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст