Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Исламбек Қуат – 32-ші турдың үздік ойыншысы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз-қызметі назарларыңызға Instat компаниясының сараптамасына құрылған 32-турдың статистикалық мәліметтерін ұсынады.

Өткен турда техникалық-тактикалық әрекеттер жасау саны бойынша алматылық «Қайраттың» ойыншылары көш бастады. «Оқжетпеске» қарсы ойында Кахабер Цхададзе шәкірттері 985 әрекет жасаған, оның 773-і сәтті болған.

Өткен турда Премьер-лигада орнын сақтап қалуға тырысқан «Ақжайықтың» ойыншылары ең көп соққы бағыттаған - 23 (дәл соққы - 12). Оның ізімен «Ордабасы» (18 соққы және 10-ы дәл) мен «Қайрат» (тиісінше 13 және 9) келе жатыр.

Допқа иелік ету бойынша астаналықтар көш батсап келеді - отыз үш минут және бір секунд. Оның артынша «Қайрат» пен «Шахтер» тұр.

Сараптамалық компанияның жалпы индексіне сай, футболшылардың жеке көрсеткіштерін тексеру бойынша 32-турдың үздік ойыншысы атағын «Қайраттың» футболшысы Исламбек Қуат алды. Оның индексі 307-ге тең. Екінші орында оның клубтасы - Бауыржан Исламхан - 292, үшінші орынға «Ертістің» қорғаушысы Елдос Ахметов орналасты - 249.

Қақпашылар арасында үздік атанған Александр Мокин («Астана»), екінші орында - Антон Цирин («Ертіс»), үздік үштікте - Стас Покатилов («Қайрат»).

Бұл турда ең көп ойын тәртібін бұзғандар: Анатолий Тимощук («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы») және Алтынбек Сапаров («Атырау») - 4 фолдан. «Ертістің» грузиялық жартылай қорғаушысы Шота Григалашвилиге қарсы екі тур бойы қатарынан ойын тәртібі жиі бұзылған - 9 рет. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст