Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Кахабер Цхададзе – Грузияның символикалық құрамасында

Жыл сайын 10 желтоқсанда аталып өтетін Бүкіләлемдік футбол күні қарсаңында Sputnik Грузия елдің кеңес кезіндегі символикалық құрамын жасақтады.

Мұнда алматылық клубтың бас бапкері Кахабер Цхададзе де бар, ол қорғаныстағы ойынымен танымал болған еді.

Айта кетерлік жайт, Цхададзе ТМД құрамасында өнер көрсеткен жалғыз грузиялық футболшы, бұл құрама 1992 жылы дүниеге келіп, КСРО құрамасының орнына құрылған болатын. Осы команда сапында Цхададзе алты матч өткізіп, бір гол соқты және 1992 жылы Швецияда өткен Еуропа чемпионатына қатысты.

Клубтық мансабын Цхададзе руставтық «Металлургта» бастаған, артынша «Динамо» Тбилиси мен «Иберияда» ойнады.

Грузиялық қорғаушы үшін еуропалық кезең швециялық «Сундсвалл» сапында бастады. Ресейде Цхададзе мәскеулік «Спартак» пен «Динамо» клубтарында өнер көрсетті. Артынша үш маусым бойы франкфурттық «Айнтрахтта» ойнады. Артынша соңғы екі жылын «Манчестер Ситиде» өткізді. Цхададзе өнер көрсеткен соңғы клуб «Анжи» болды. 2004 жылы қорғаушы өз мансабын аяқтады.

Бүгінгі таңда Цхададзе алматылық «Қайраттың» бас бапкері қызметін атқарады. 2015-2016 жылдар арасында Грузия құрамасын жаттықтырды», - деп жазады БАҚ.

Құрама толығымен осындай: Георгий Лория, Каха Цхададзе, Малхаз Асатиани, Каха Каладзе, Уча Лобжанидзе, Леван Кобиашвили, Джаба Канкава, Темур Кецбая, Джано Ананидзе, Георгий Кинкладзе, Шота Арвеладзе.

Дереккөз: Sputnik 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст