Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Маркович пен Сүйімбаев – үздік қорғаушылар қатарында

Prosports.kz спорт порталы өткен маусымның 7 қорғаушысын атап өтті. Рейтингінің бесінші сатысына Жарко Маркович орналасса, Ғафуржан Сүйімбаев үшінші орынға табан тіреді.

Назарларыңызға материалдың алматылықтарға арналған үзінділерін ұсынамыз:

5-орын

Жарко Маркович

29 жаста, 204 см

Клуб: «Қайрат»

Азаматтығы: Сербия

Позициясы: орталық қорғаушы

28 матч, 2432 минут, 2 гол, 2 нәтижелі пас, 6 ескерту

Бойшаң футболшыға биыл әр түрлі қорғаушымен бірге ойнауға тура келді. Алдымен Тимур Рудосельскиймен кейін Лукаш Тесакпен ойнады, артынша Станислав Лунин және Ғафуржан Сүйімбаевпен бірге өнер көрсетті. Ал маусымды Сезар Арзомен бірге аяқтады. Қай қорғаушымен ойнаса да, Маркович сенімді болды. Жақында Марко «Қайратпен» келісім-шартын ұзартты, енді 2018 жылға дейін жанкүйерлерді өз ойынымен қуанта алады.

Сөзбе-сөз

28-турда «Астананы» (1:0) жеңген соң:

Әрине, ауыр ойын, біз жақсы футбол көрсететін екі үздік командамыз. Бүгін мінезімізді көрсетіп, жеңіске жеттік. Есептің қандай екені маңызды емес, маңыздысы – үш ұпай. Біз кез келген жеңіске қуаныштымыз.

3-орын

Ғафуржан Сүйімбаев

26 жаста, 172 см

Клуб: «Қайрат»/«Ордабасы»

Азаматтығы: Қазақстан

Позициясы: сол қанаттағы қорғаушы

28 матч, 2467 минут, 4 гол, 4 нәтижелі пас, 8 ескерту, 1 қызыл қағаз 

Биыл Сүйімбаев маусымды тамаша бастаған соң, жазда оған «Қайраттың» назары ауды. Ғафуржан жаңа ұжымға бірден сіңісіп кетті де, Лукаш Тесактың орнын жоқтатқан жоқ. Футболшының ойыны Талғат Байсуфиновке ұнап қалғаны сонша, оны құрамада түрлі позицияларға қойып жүр.

Сөзбе-сөз

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды (1:0) жеңген соң:

Мен Дима Шомкодан жоғары ойнадым, міндетім – қаптал арқылы шабуылға араласу. Қорғаныс кезінде тапсырмам басқаша болды. Мен де ортаға жиі ығысып ойнадым, олар өздері допты беріп қойды, тоқтатып алдым да, жиырма метрден қақпаға соққы жасадым. Жолым болмай қалды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст