Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Үш қайраттық – үздік жартылай қорғаушылар қатарында

Prosports.kz спорт сайты өткен маусымның 7 жартылай қорғаушысын атап өтті. Рейтингінің төртінші сатысына Исаэль Барбоза жайғасса, Бауыржан Исламхан екінші орыннан көрінді, ал Андрей Аршавин маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.

Назарларыңызға материалдың алматылықтарға арналған үзінділерін ұсынамыз:

4 орын
Исаэл да Силва Барбоза
28 жаста, бойы 171 см
Клуб: «Қайрат»
Азаматтығы: Бразилия
Амплуасы: оң қапталдағы жартылай қорғаушы
29 матч, 2319 өткізілген минут, 5 гол, 5 нәтижелі пас, 3 сары қағаз

 

ҚПЛ-дің ең үздік «дриблері» - Исаэл. Бразилиялық футболшы кез келген қарсыласын оңай алдай алады. Бұған қоса, екі аяғымен де жақсы ұрады. Исаэл – «Қайраттың» жетекші ойыншысы. Бразилиялық жартылай қорғаушы 90 минут бойы шаршамай шабуылдайтын футболшылардың бірі.

11-ші турда «Ертісті» (1:0) жеңгеннен кейін:
– Әр ойынға біз мұқият дайындаламыз. Мен әрқашанда жылдам ойнауға тырысамын. Шапшаң қимылдауыма байланысты маған қарсы жиі ереже бұзады. Бірақ мұнда тұрған ештеңе жоқ – бұл менің жұмысым. 

2 орын
Бауыржан Исламхан
23 жаста, бойы 174 см

Клуб: «Қайрат»
Азаматтығы: Қазақстан
Амплуасы: шабуылдаушы жартылай қорғаушы
31 матч, 2653 өткізілген минут, 17 гол, 10 нәтижелі пас, 3 сары қағаз, 1 қызыл қағаз

«Қайраттың» бас дирижері – Бауыржан Исламхан. Баторик жоқта алматылық клубтың ойыны бірден өзгереді. Гол+пас жүйесі бойынша жартылай қорғаушы тек әріптесі Жерар Гоуға ғана ұтылып қалды. Тағы бір қызықты жайт, Исламхан гол соққан матчта «Қайрат» міндетті түрде жеңіске жетті. Өзінің ең жарқын кездесуін Бауыржан 26-шы турда «Астанаға» қарсы өткізді. Онда ол бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.   
«Қайратпен» келісімшартты ұзартқаннан кейін:
– Алматылық клубпен келісімшартты ұзартқаныма өте қуаныштымын. Ары қарай да жанкүйелерімізді әдемі ойынымен қуанту үшін бар күшімізді саламыз.


1 орын
Андрей Аршавин
35 жаста, бойы 172 см

Клуб: «Қайрат»
Азаматтығы: Ресей
Амплуасы: сол қапталдағы жартылай қорғаушы
28 матч, 1991 өткізілген минут, 8 гол, 7 нәтижелі пас, 5 сары қағаз

Қазақстан чемпионатының бас жұлдызы өз ойынымен қазақстандық жанкүйерлерді ғана емес, сондай-ақ ресейлік фанаттарды қуанта алды. Тіпті көптеген ресейліктер Аршавин Ұлттық құрамаға оралуы тиіс деген пікір айтуда. Андрей ұзақ үзілістен кейін бұрынғы бабына келіп, «Қайратқа» көп пайдасын тигізді. Аршавин биыл әдемі пастары және голдарымен есте қалды. Атақты ресейлік футболшының Қазақстанға келуімен жергілікті стадиондарға жанкүйерлер жинала бастады.  

Қазақстан кубогының финалдық кездесуінен кейін:

- «Қайратқа» сай ойын көрсетуім қажет. Әр кездесуде өз командама көмектескім келді. Ары қарай да алматылық команданың жанкүйерлерін қуантқым келеді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст