Главная » новости » Пресса о клубе » СМИ о нас

Жерар Гоу – үздік сұрмергендер қатарында

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу еуропалық ұлттық футбол лигаларының үздік сұрмергендеріне берітен «Алтын бутса» жүлдесінде ТОП-30-ға енді.

Өткен маусымда қазақстандық премьер-лигада Гоу қатарынан екінші рет 22 гол соғып, үздік бомбардир атанды. «Қайраттың» форварды 22 ұпаймен 12-орында тұр. Осылайша «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду (20 ұпаймен 17-орын), «Алтын бутсаның» қазіргі иегері Луис Суарестен (20 ұпаймен 15-ші орын) жоғары тұр.

Жерар Гоумен бір қатарда 22 ұпай жинаған Роберт Левандовски "(Бавария"), Андре Белотти ("Торино"), Лионель Месси ("Барселона") және Алексис Санчес ("Арсенал") бар.
Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты мәресіне жетсе, «күз-көктем» жүйесінде өтетін көптеген чемпионаттарда жарыс әлі өтіп жатыр. Сондықтан, Гоу көктемге таман ТОП-30-да болмайды.

«Алтын бутсаға» жарыста бірінші орында 15 гол соққан (30 ұпай) дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг келеді, ол соңғы төрт матчта сегіз гол соққан.
Деркккөз: Vesti.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст