ФК КАЙРАТ: /

Регламент

Турнир туралы

УЕФА Жасөспірімдік Чемпиондар лигасы (UEFA Youth League) - бұл клубтардың жасөспірімдер командалары арасындағы халықаралық футбол сайысы. Оған УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен клубтар мен ұлттық жасөспірімдер турнирінің жеңімпаздары қатысады.

Ең алғаш рет  аталмыш турнир 2013/14 маусымында ұйымдастырылған, оны «Барселона» ФК жасөспірімдер командасы жеңіп алды.

Осы трофейдің қазіргі иегері «Челси» ФК академиясының командасы саналады, олар финалдық матчта «Пари Сен-Жермен» клубындағы құрдастарын жеңді (2:1).

Айта кетерлік жайт, турнирдің басты жүлдесі атақты футбол маманы Леннарт Юханссонның есіміне берілген, ол УЕФА басшысы атағын ұзақ уақыт бойы сақтап тұру бойынша рекорд иегері (1990-2007).

Турнирдің форматы

УЕФА Жасөспірімдер лигасының үшінші сайысына 64 клуб қатысады. Турнирдің форматы екі жол бойынша өтеді:

·  Чемпиондар лигасының жолы, мұнда Чемпиондар лигасының топтық турниріне жолдама алған клубтардың 32 жасөспірімдер командасы ойнайды.

·  Ел чемпиондарының жолы, мұнда УЕФА рейтингісіне сәйкес үздік 32 қауымдастықтың жасөспірімдер арасындағы чемпиондары ойнайды.

Өз топтарының жеңімпаздары тікелей 1/8 финалға іріктеледі (плэй-оффқа қатыспайды). Екінші орын алған командалар «чемпиондық» жолдың бірінші және екінші кезеңінде жеңіске жеткен 8 командамен плэй-офф кезеңінде ойнайды.

«Қайрат» ФК Академиясының командасы 19 жасқа дейінгі балалар арасында ҚР чемпионы, сондықтан олар «чемпиондық» жолдан бастайды.

Жас «қайраттықтар» аталмыш турнирдегі өз жолын 28 қыркүйекте бірінші кезеңнен бастайды.